Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
372 материал табылды

Аймақтар • 23 Тамыз, 2022

Шымкент медициналық туризм орталығына айналып келеді

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Басты мақсат – медицина саласын жоғары деңгейге көтеру. Осы бағытқа орай қазіргі таңда көптеген жаңа медициналық ұйым бой көтеруде. Салынып жатқан емдеу мекемелері халық тығыз қоныстанған елді мекендер ішінде орналасқан. Өйткені Ұлттық жоба талабы бойынша халыққа медициналық қызмет біріншіден, сапалы, екіншіден, жақын жерде болуға тиіс.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2022

Түркістан: Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, күзгі шақыру науқаны 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастау алмақ.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2022

Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық

Қоғамда көпбалалы аналардың мәселесі бүгінгі таңда өзекті сипат алған. Олардың мәселесі бірінші кезекте Үкіметтің және жергілікті биліктің жіті назарында тұр. Әлеуметтік таршылық ең алдымен, шиеттей бала асырап отырған аналардың немесе күнкөріс табысы аз отбасылардың иықтарына ауыр жүк артып, қосымша салмақ түсіретіні аян. Мұндай кезде олардың жанашыр жан іздеп, қолдауға зәру болатыны ақиқат. Иә, мемлекет тарапынан әлеуметтік аз қамтылған топтарға, соның ішінде көпбалалы аналарға аз көмек беріліп жатқан жоқ.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2022

Қалаға қосылған ауылдар: Мегаполис 2025 жылы сапалы электр энергиясымен толық қамтамасыз етіледі

Өзбекстанның Шыршық қаласында туып-өскен Серік Тұрғымбаев ағайынға қосылуды мақсат етіп, атамекенге қоныс аударған. Бастапқыда аздап жинаған ақшасына Шымкенттің іргесінен жер учаскесін сатып алып, шағын үй салыпты. Сол жылдары ол маңайда үй салғандардың қатары тіптен аз еді. Ал бүгінде тұрғыны көп шағын ауданға айналған.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2022

Агросалада ілкімді істер көп

Шымкент қаласы облыстан еншісін алып бөлек шыққалы мегаполиске тән халықты қажеттінің барлығымен қамтамасыз ету үшін бүкіл саланы дамытуға көшті. Соның ішінде ауыл шаруашылығы басты назарда тұрған саланың бірі. Өйткені халықты азық-түлікпен қамту – кез келген мемлекеттің алдындағы бірінші парызы. Өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенін өркендету үшін респуб­лика деңгейінде Президент Жарлығымен 10 Ұлттық жоба бекітілді. Осы жобалардың тізбесінде ауыл шаруашылығына арналған кешенді жоспарлар да бар.

Технология • 11 Тамыз, 2022

Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды

Бүгінгі таңда әлемде дамыған елдер жасыл экономиканы дамытуға барынша тырысып бағуда. Сол мақсатта барлық салада таза қалдықсыз технологияны, баламалы қуат көздерін пайдалануды, бұрынғы өндірісті, техникаларды түгел осы қағидаға сәйкес өзгертуді жоспарлап, жүзеге асырып келеді.

Білім • 10 Тамыз, 2022

Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық

1950 жылдары КСРО алғаш рет ғарышқа жер серігін ұшырғанда АҚШ қызыл империяның бұл салада қалай демократиялы елден алға озып кеткеніне қайран қалған. Сөйтіп, бұл мәселені зерттеп, балаларға кішкентай кезінен түрлі ғылым саласы бойынша ілім-білім оқыту керек деген тұжырымға келген. Осыдан кейін АҚШ-та 1960 жылдары базалық жобалар ілімі, яғни Project Based Learning жобасы қолға алынды.

Аймақтар • 08 Тамыз, 2022

Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр

Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стра­те­гия­лық жоспар саналады. Сон­дық­тан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісуде.

Медицина • 04 Тамыз, 2022

Маймыл шешегі шетін жағдайға айналып барады

Әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясынан кейін маймыл шешегіне байланысты жариялаған дүниежүзілік төтенше жағдай адамдарға әлі қатты әсер етіп жатқан жоқ секілді. Әйткенмен бұл дерттен қауіптенуге негіз табылып отыр. Өткен аптаның аяғында бірінші рет Африка құрлығынан тыс елдерде маймыл шешегінен болған өлім тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оның саны өседі деген болжам жасап отыр.

Аймақтар • 02 Тамыз, 2022

Тұрақты жұмыспен қамту – басты бағыт

Статистикалық мәлімет бойынша Шымкент қаласында жұмыс­сыз­дық деңгейі 5,1 пайызды құрайды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткішті жыл аяғына дейін 5 пайызға төмендету жоспары тұр.