
Аймақтар • 09 Тамыз, 2024
Мақсат – Ақтауды айшықтай түсу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарауды және жағажай туризмін дамытуды тапсырған еді. Оның үстіне былтыр Әзербайжанның Шуша қаласында өткен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттер отырысында мәдениет министрлері шешімімен Ақтау қаласы 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Бұл мәртебе теңіз жағасындағы жалғыз қала үшін даму мен көркеюді жаңғыртуды қажет етеді.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
Маңғыстау ауданының бірқатар аулы мен аудан орталығы Шетпе аулының кейбір шағын аудандарындағы шетін мәселе – ауызсу. Нақты айтсақ, аудан орталығынан шалғайдағы Тұщықұдық, Шебір ауылдарының тұрғындары іргесіндегі Көңдіқұдық жерасты суына қол жеткізе алмай келген еді. Бұл мәселе ауданның экономикалық-әлеуметтік мәселелерін шешіп, әлеуетін көтеретін «Маңғыстау ауданы серпіні» жобасынан тыс қалған жоқ.
Экономика • 31 Шілде, 2024
Өндіріске қажетті жабдықтарды өңірдің өзінде өндіру бастамасы – құптауға тұрарлық қадам. «ҚазМұнайГаз» компаниясының Жаңаөзенде бастаған зауыт құрылысы жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтып, өңір экономикасын әртараптандыруға ықпал етпек.
Экономика • 19 Шілде, 2024
Маңызды нысанға кешенді қолдау қажет
Маңғыстау атом энергетика комбинатының (МАЭК) қызметкерлері өз кәсіпорнын «Маңғыстаудың жүрегі» дейді. Бұл – бұлтартпас ақиқат. МАЭК өңір халқын сумен һәм жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Алайда кейінгі жылдары Ақтауда, кейбір ауылдарда су мәселесі ушыға түсті. Техникалық және ауызсу тапшылығы туындап, тұрғындар «судың кестемен берілгеніне де шүкір» дейтін күнге жетті.
Экономика • 18 Шілде, 2024
Жерасты суын өңдеп, ыдыстарға құйып сатылымға шығару қос тарапқа да пайдалы: кәсіпкер үшін – табыс көзі, тұтынушы үшін –құнарлы, таза ауызсу. Маңғыстау ауданының Тұщыбек аулында іске қосылған су құтылау цехы аталған аймақтағы жерасты суын халық игілігіне ұсынбақ.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
Ағын суы жоқ, ауызсуға әуелден мұқтаж Маңғыстауда қазір жағдай күрделі. Кезінде шалғайдағы мал отарлары үшін қазылған құдықтардың тұщы суы ауызсу қажеттілігін біршама өтеуге сеп болды. Соның өзінде жаңбырдың суын ыдыстарға жинауға, сыртын құммен бастырып, қар тоқтатуға тура келген. Ал бүгінде Маңғыстау өңірін мекендеген тұрғындар саны көшіп келушілер мен табиғи өсім нәтижесінде екі еседен аса өсті, сондай-ақ кеңшарлар таратылып, халықтың аудан орталықтарына, өңірдегі ірі қалаларға көшуі көбейді. Мал отарлары үшін қазылған құдықтардың көбі қажетсіз болып қаңырап қалып, ақыры құмға көміліп, жоқ болды. Бұл жағдайлар шөлді өңірде ауызсу тапшылығы мәселесін туындатты.
Экология • 17 Шілде, 2024
«Игі істер марафоны» аясында елімізде «Экология» апталығы өтті. Осыған орай Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығы «Таза Like» сенбілігін ұйымдастырды.
Аймақтар • 16 Шілде, 2024
Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде дәрігерлер отбасы жаңа клиника ашып, аудан тұрғындарының денсаулығын қорғауға, сақтауға үлес қоспақ.
Экономика • 12 Шілде, 2024
Жері шөл, күтімді қажетсінетін көкөніс, жеміс-жидек түрлерінің өсуі мүмкін емес делінетін Маңғыстауда шалғайдың шырайын келтіріп, егін егіп, нәпақа тауып, ел нәсібін арттырып жүрген еңбекқор жандар аз емес.
Экология • 02 Шілде, 2024
Экологиялық жобаларды жүзеге асырады
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы тазалық сақтау бағытындағы жаңа жобаларға бастама болды. Акция аясында тонналап қоқыс шығарып, шалғайдағы тарихи-мәдени орындарды да қалдықтардан арылтқан Маңғыстауда «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ жаңа экологиялық жобаларды жүзеге асыруды қолға алды.