
«Таза Қазақстан» • 27 Маусым, 2024
Каспий жағасын қоқыстан тазартты
Маңғыстауда «Сәтті сәрсенбі» деп аталатын тазалық акциясы басталып, тұрғындардың, әсіресе жастардың қолдауына ие болды.
Аймақтар • 27 Маусым, 2024
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен 2012 жылдан бері тұрақты жүзеге асып келе жатқан дәстүрлі «Туған елге тағзым» экспедициясы биыл Ақтау, Семей, Қарағанды, Түркістан, Көкшетау, Өскемен және Павлодар қалаларында жалғасты. Экспедициямен Маңғыстау өңіріне келген Павлодар, Қызылорда және Орал қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Маңғыстаудың әсем табиғатын тамашалап, тағылымды тарихына қанықты. Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен зерттеу бағытындағы аталған өлкетанулық экспедициясына 74 оқушы қатысты.
«Таза Қазақстан» • 26 Маусым, 2024
Табиғат сақшыларына арналған сыйлық
Биыл Маңғыстау облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 25 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды, сондай-ақ Ақтау қаласы маңындағы «Өндірістік аймақта» 35 гектар қоқыс үйіндісі тазаланады. Акцияға атсалыспаған ұжым жоқ, қаншама күш-қуат жұмылдырылды, алайда араға апта салмай жатып тазаланған жерге тасталған қоқысты көргенде көңілің құлазып сала береді...
Байқау • 25 Маусым, 2024
Шетелдегі қазақ балалары бақ сынады
Қазақтың тілі мен мәдениетін, тарихын, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа таныту, насихаттау – қазаққа керек. Әсіресе шетелдердегі қазақ диаспорасының балаларын назардан тыс қалдырмай ортаға тартып, ынталандырудың, қолдаудың маңызы зор. Бұл тұрғыда Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қазақ диаспорасы балаларына арнап өткізетін халықаралық олимпиадасының орны бөлек.
Аймақтар • 25 Маусым, 2024
Су тұшыту қондырғысы іске қосылды
Түпқараған ауданының Сайын аулында су мәселесі көптен бері дау-дамай биігінен түспей келеді. Судың жетіспеушілігі өз алдына, су бағасының негізсіз қымбаттауы, су бөлудегі және су тарату құралдарына қатысты мәселелер әлі күн тәртібінде тұр.
Өндіріс • 22 Маусым, 2024
Ақтау қаласындағы «ҚазАзот» АҚ – өңірдегі іргелі, қалыптасқан өндіріс орындарының бірі. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері өнімді еңбек етіп келе жатқан кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әлеуетті арттырудағы орны мен маңызы зор. 55 жылдан бері азот тыңайтқыштарының жетекші өндірушісі болып келе жатқан зауыт өнімдерін еліміздің әр өңірі тұтынады.
«Таза Қазақстан» • 21 Маусым, 2024
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы тарихи-мәдени орындарда жалғасын тауып, аталған орындардың келіп-кетушілерге қолайлы, таза болуына үлес қосты.
Білім • 19 Маусым, 2024
Биылғы оқу жылы қорытындысында Маңғыстау облысы бойынша жоғары балл жинаған оқушылар ата-аналары мен ұстаздарын қуанышқа бөледі. Әзірге өңір бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, ҰБТ-дан 140 балдың 137-сін жинаған түлек – Маңғыстау облысы Шетпе аулындағы Мекерия Атымов атындағы №6 мектептің 11-сынып оқушысы Нұрсәуле Жүсіп.
Мектеп • 18 Маусым, 2024
Аудандағы қарапайым ауыл мектебі республикадағы үздік он мектептің қатарынан табылды. 1997 жылы маңғыстаулық ғалым, филология ғылымының докторы Мекерия Атымовтың есімін иеленген мектеп 1992 жылы пайдалануға берілген. Осы жылдар ішінде жан-жақты даму жолын таңдап, еліміздің білімді ұл-қыздарын тәрбиелеу жолында тынымсыз ізденіс үстінде келеді. Біз әңгіме қылып отырған Маңғыстау ауданындағы М.Атымов атындағы №6 мектептің еліміздегі ең үздік ауыл мектептерінің тізіміне енуі де осы ізденістің, темірдей тәртіп пен тегеурінді талаптың нәтижесі.
Аймақтар • 14 Маусым, 2024
Азық-түліктің 80%-ы сырттан тасымалданатын Маңғыстауда келген тауар-тағамдарды сақтау – маңызды мәселе. Өнімнің бұзылмауы мен кең көлемде сақталуы үшін арнайы орынның қажет болатыны айдан анық. Мемлекет басшысы облысқа сапарында аймақ басшылығына «азық-түлік тауарларының бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде сауда инфрақұрылымын дамытуға және басқа өңірлердегі тауар өндірушілермен ұзақмерзімді шарттар жасауға» қатысты бірқатар тапсырма жүктеген болатын.