Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
167 материал табылды

Жануарлар • 21 Қараша, 2023

Киік қалай «реттеліп» жатыр?

Елімізде ерекше көбейген ақбөкен санын жасанды жолмен реттеу туралы шешім шыққанына бір ай болды. Кей өңірде арзан ет дүкен сөрелеріне түсіп, халыққа ұсынылып жатыр. Біз осы жұмыстың қалай жүріп жатқанын көзімізбен көріп қайтқан едік.

Көрме • 20 Қараша, 2023

Сыр әлемімен сырласты

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің филиалы – С.Айтбаев атын­дағы көр­кемсурет галерея­сы­ның «Сырдың сырлы әлемі» атты жылжы­малы көрмесі Батыс Қа­зақстан облысына келді.

Аймақтар • 16 Қараша, 2023

Бір жылда 617 шақырым жол

Батыс Қазақстан облысында биыл 81,5 млрд тең­геге 617 шақырым жол жөн­деліп жатыр. Жол қатынасы жөнінен еліміз бойынша ең төменгі орын алатын өңірде Мемлекет бас­шысының тапсырмасымен көлік-логистика сала­сын дамытудың кешенді жос­пары жүзеге асып жатыр. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

Тарих • 12 Қараша, 2023

Ғасырлық ғибратхана

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Еліміздің батыс қақпасы атанып, ұлан-байтақ өңірдің шежіресін құнттап сақтап отырған мекеменің ғасырлық жолына көз салсақ, тиянақты еңбек, жанкешті жұмысты көреміз.

Баға • 03 Қараша, 2023

Батыс Қазақстан облысы: Батыста тапшылық байқалады

Батыс Қазақстан облысында соңғы уақытта газ тапшы бола бас­тады. Көлігі сұйытылған отынмен жүретін оралдықтар жанармай бекетінде сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

Аймақтар • 31 Қазан, 2023

Жастықтың жарқын ордасы

Орал қаласында 500 орындық Студенттер үйі пайдалануға бе­ріл­ді. 9 қабатты ғимаратты өз қаржысына көтерген Махам­бет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті студент­терін жатақханамен толық қамта­масыз етті.

Құтқарушы • 26 Қазан, 2023

Бейбіт күннің батыры

Он сегіз мың ғаламды ақыл-парасатымен билеп, игілігіне жаратып отырған адам баласының да абдырап, көмекке мұқтаж болатын сәті көп. Әсіресе оқыстан болатын оқиға – от пен су, табиғи апат қиын. Қазақ оны бірауыз сөзбен «тілсіз жау» дейді.

Аймақтар • 22 Қазан, 2023

Өлеңті қуанышқа бөленді

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Өлеңті ауылында су жаңа дәрігерлік нысан – фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, пайдалануға берілді. Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама аясында тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 2025 жылға дейін 50 денсаулық нысаны салынбақ.

Жануарлар • 09 Қазан, 2023

Киік саны қалай реттеледі?

Елімізде, әсіресе, Батыс Қазақстан облысында киік саны тым көбейіп кеткені көптен айтылып келеді. Бір кездері жойылып кете жаздаған жануар енді төрт түлік малмен араласып, түрлі мәселе туындатты. Мал азығы мен су тапшылығы, эпидемия қаупінің күшеюі ақбөкеннің санын шектеу қажеттігін талап етіп тұр.

Зерде • 05 Қазан, 2023

Мұхит сал жүрген жолмен

Батысқазақстандық дәстүрлі әнші, Мәдениет қайраткері Сағадат Рахмет­жа­нов бастаған шағын топ «Мұхит жүрген жолдармен» атты ғылыми тарихи сазды экспедицияға аттанды.