Taza.kz
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
205 материал табылды

Жоба • 01 Тамыз, 2025

Ымдау тілін түсіндіретін кешен

Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әйгерім Ерімбетованың жетекшілігімен «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешені» әзірленіп жатыр. Жобаға Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің зерттеуші ғалымдары тартылған.

Өндіріс • 26 Шілде, 2025

Cу тазартатын мембраналар өндірісі

Кері осмос технологиясы бойынша су тазарту жүйелеріне арналған ­спиральды мембраналарды өндіруді алғаш рет «Экотэк Инжиниринг» ­компаниясы Қ.Сәтбаев университетімен бірлесіп іске асыра бастады.­ Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан Membraneco жобасы су тазарту технологияларының озық әдістерін өндіріске енгізіп отыр. Жоба импортты алмастыруға негізделген әрі өнеркәсіптегі тың ғылыми бағыт ретінде дамитын болады.

Өнер • 26 Шілде, 2025

Заманауи киіз үй

«Design Educates Awards 2025» халықаралық сыйлығының «Architectural Design» аталымында алматылық дизайнер жасаған қазақ үй үздік деп танылды.

Білім • 12 Шілде, 2025

Ректорлар форумы

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Жібек жолы елдерінің Аграрлық білім және ғылым саласындағы инно­вациялар альянсының құрылғанына 10 жыл толуына орай, дәстүрлі X жиналысы және ШЫҰ мемлекеттерінің Ауыл шаруа­шылығы университеттері ректорларының IV форумы өтті.

Ғылым • 11 Шілде, 2025

Жерасты су қоры – байлық көзі

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі У.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының ғалымдары іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізіп, ел өңірлері бойынша жерасты суларының мол қорын анықтады. Ғалымдар әзірлеген Қазақстанның гидрогеологиялық карталарының атласында көрсетілген жер қойнауындағы су қорын күнделікті тұрмыс пен ауыл шаруашылығында тиімді пайдалануға болады.

Білім • 09 Шілде, 2025

Жазғы лагерь жандана түссе...

Алматыдағы оқу­шы­лардың 96 пайызға жуығы жазғы дема­лыс­ында сауықтыру шараларына және түрлі үйірмеге қатысады. Қалалық Білім басқармасының дере­гіне сүйенсек, осыған тілек білдірген оқушының саны – 281 мың. Бұл 1-10 сынып ара­лығында оқитын 293 682 баланың 95,7 па­йызын құрайды. Былтыр лагерьге келген оқушылар саны 266 343 еді.

Digital • 01 Шілде, 2025

«Soile AI» – науқастарға арналған көмекші құрал

«Soile AI» – дұрыс сөйлей алмайтын, сөйлеуінде бұзылысы бар жандарға көмектесетін жасанды интеллект негізінде жасалған әлеуметтік платформа. Тілдегі ақауды танитын көмекші сөйлемді мәтінге және аудио нұсқасына айналдырады.

Сұхбат • 26 Маусым, 2025

Еренғайып Омаров: «Қазақ өркениеті» ғылыми бағыт ретінде дами береді

Әлемде жаһандану үстемдік құрған кезеңде сыртқы ортаның әсері қандай да бір елдің мәдениетіне, руханиятына кері ықпалын тигізбей қоймайды. Дәл осындай өтпелі кезеңде дамып келе жатқан қазақ еліне төл өркениеті дем беретіні анық. Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Еренғайып Омаровпен «Қазақ өркениеті» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелестік.

Кәсіпкер • 18 Маусым, 2025

KMF қолдаған кәсіпкер

Жазира Оразқызы – шағын кәсіптің иесі. Кәсіпкерлік жолын көрпе-жастық тігіп бас­таған ол бүгінде тігін өндірі­сінің көрігін қыздырып отыр.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Маусым, 2025

Жұмысшы мамандықтарын қолдайды

Биыл Президенттің тапсырмасымен кәсіптік білім беру саласына реформа жасалып, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, кәсіби маман болу ісіне айрықша көңіл бөлініп отыр.  Маңызды міндетті іске асыруға еліміздегі ірі компаниялар белсенді атсалысып келеді. Eurasian Resources Group (ERG) компаниялар тобы өз кәсіпорындарын білікті мамандармен қамтамасыз ете отырып, ERG Skills шеберлік байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика