Өндіріс • 24 Қаңтар, 2025
Санға емес, сапаға айрықша мән беретін «Нәтиже» сүт фабрикасының дәмі тіл үйіретін өніміне тұтынушылар дән разы. Сүт өнімдерін ұқсату арқылы ел ішіндегі малсақ қауымға септігі де тиіп тұр. Кәсіпорын сүт өнімдерінің отыздан астам түрін шығарады. Сүт, қаймақ, май, ірімшік, айран, тағы басқа. Кейінгі жылдары жеңсік асқа айналып кеткен құрт та өндіріледі. Қажетті сүтті облыс орталығына жақын орналасқан тауарлы-сүт фермаларынан сатып алады.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2025
Уақыт алға озған сайын Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлердің қатары сирек. Көкшетау қаласында биыл 99 жасқа толған жалғыз майдангер тұрады.
Еңбек • 23 Қаңтар, 2025
Кейіпкеріміздің пайымдауына қарағанда, төл табиғатты жан-тәнімен сүйген адам орман шаруашылығында жұмыс істеймін дегеннен гөрі орманға қызмет етемін деуі керек екен.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Бұралқы иттер туралы қоғамдағы пікір екіге жарылып тұр. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға байланысты әрқилы көзқарас болғанымен, қисынға келетін пікірлер айтылғанымен, өзгеріс енгізілер емес.
Өндіріс • 14 Қаңтар, 2025
«Темірлан» серіктестігі шалғайдағы шоқ жұлдыздай шағын Тасөткел ауылының көсегесін көгертіп тұр. Кәсіпорын мал өнімдерін өңдеу бағытында тәуір нәтижеге қол жеткізіп отыр. Сүт өнімі өндірісін көбейтумен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуы жергілікті жұрт үшін ақ түйенің қарны жарылған қуанышқа айналған. Ауылда қол қусырып қарап отырған адам жоқ. Еңбекақылары уақтылы әрі қомақты төленгеннен кейін түгелге жуық ортақ іске үлес қосып келеді.
Тұлға • 11 Қаңтар, 2025
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының кезекті концертінен жұлдыз жамырай шықтық. Енді бір мезет қара барқыт аспанға көзім түскен. Әне бір тананың көзіндей жарқыраған үлкен жұлдыз музыка әлемінің марқасқасы Манарбек ағамның, Манарбек Бексейітовтің жұлдызы шығар-ау!
Еңбек • 09 Қаңтар, 2025
Тасы өрге домалап тұрған «Жайсаң» шаруа қожалығы өз ісін бастағанда үлесіндегі жер телімі тоқымдай ғана еді. Ақ адал еңбегінің арқасында қор жинап, игілігі елге ортақ болып тұр.
Энергетика • 19 Желтоқсан, 2024
Тариф өсіру тығырықтан шығара ма?
Халықтың электр энергиясын тұтыну көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының біршама жақсаруымен байланысты. Мәселенің мәнісіне тереңірек көз жүгіртсеңіз, жекелеген аймақтарда электр энергиясын тұтынудың біршама көбейгенін аңғаруға болады. Оның ішінде Көкшетау қаласы да бар. Жергілікті жұрт ащылау әзілдеп, облыс орталығын «аристондар қалашығы» дейтіні де бар.
Табиғат • 04 Желтоқсан, 2024
Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан көрікті Көкше қысы да ғажап! Биік көктен билеп ойнап жауған қар мәңгі жасыл қарағайдың ұшар басына қонақтап, сай-саланы толтырып, саф ауа тазара түскендей.
Руханият • 26 Қараша, 2024
Қажеттілік тілдің өрісін кеңейтеді
Жергілікті жұрты өзге тілде көбірек сөйлейтін Көкшетау төңірегінде ана тіліміздің айдарынан жел есетін түрі бар. Кейінгі жылдары түпқазық ата жұртымыз тұрмақ, өзге ұлттың өкілдері де қазақ тілін үйренуге ден қойып, тәп-тәуір талпыныс жасап келеді.