
Аймақтар • 31 Мамыр, 2024
Алматылықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Мемлекеттік Орталық музейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған халықаралық көрме ашылды. Тағзым шарасы Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейімен бірлесе ұйымдастырылған. Қос елдің тарихшы ғалымдарын бір алаңда жинаған мазмұнды шара «Орталық Азия елдеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту барысы: нәтижелері мен жалпы проблемалары» атты дөңгелек үстелге ұласты, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 30 Мамыр, 2024
Тыл мамандарының оқу-әдістемелік жиыны
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында тыл командирлері орынбасарларының, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тылмен қамтамасыз ету қызметтері мен қоймалар бастықтарының қатысуымен оқу-әдістемелік сабақтар өтті.
Қоғам • 29 Мамыр, 2024
Алматыда Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай еске алу шаралары өтті. Батыр тұрған үйдегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қоюмен басталған салтанат 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында жалғасын тапты.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді
«Салиқалы ұрпақ» қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді. Халықтың сұранысына орай сатып алынған киіз үйлер Арқалық қаласына қарасты Екідің және Қызыл жұлдыз елді мекендеріне жөнелтілді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Тасқыннан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді
«Салиқалы ұрпақ» қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді. Халықтың сұранысына орай сатып алынған жылу Арқалық қаласына қарасты Екідің және Қызыл жұлдыз елді мекендеріне жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 23 Мамыр, 2024
Мыңбояулы шаһардың тұрғындары Мемлекеттік Орталық музейде өткен дәстүрлі «Музей түні» жобасынан айрықша әсер алды. Тарих пен дәстүрді дәріптеуге бағытталған үш күндік шараға биыл 35 мың адам қатысты.
Тағзым • 18 Мамыр, 2024
Соғыс ардагері Тамара Александровна Максимова 100 жасын тамаша көңіл күймен қарсы алды. Мерейтой күні оның үйіне Алматы өңірлік гарнизоны Десанттық-шабуылдау әскерлері 61993 және 16194 әскери бөлімдерінің, Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі» ҚҚ өкілдері арнайы келді.
Саясат • 11 Мамыр, 2024
Еліміз Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік үдерісін ілгерілету мақсатында тараптарға кездесу алаңын ұсынған болатын. Алматыдағы Достық үйінде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөз басталды.
Кино • 09 Мамыр, 2024
Отандық киногерлер қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы көркем фильм түсіруді қолға алды. Аталған туынды Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына, Жеңістің 80 жылдығына орай 2025 жылдың мамыр айында жарыққа шығады деп жоспарланған.
Әскер • 29 Сәуір, 2024
Алматыдағы оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының, қалалық әкімдік, күштік құрылымдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.