
Қоғам • 07 Наурыз, 2022
Жүз жасаған қарияларымыздың, шүкір делік, ортамызда жүргені қуантады. Бір ғасыр ішінде ұлт тарихындағы қаншама оқиғаларға куә болған қариялардың өнегелі өмірі – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімдігі алдағы уақытта жүз жасаған қарттардың өмір жолы, жеткен жетістіктері туралы деректер жинап, аудан архивін жасамақ. Сол арқылы да өскелең ұрпақты өткен тарихымызбен жан-жақты таныстырмақ.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Игерілмеген жер қайтарып алынды
Көктем ерте келетін Түркістан өңірінің тұрғындары малын өріске шығара бастады. Бұл орайда облыстың кей аудандарында жайылым мәселесі өте өзекті. Дегенмен мәселені шешудің тиімді жолдары қарастырылуда. Мысалы, Бәйдібек ауданында әкімдік пен аудандық прокуратура тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде жерді пайдаланушылар мен ауыл тұрғындары игі бастаманы жүзеге асыруда.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Баламалы қуат көздері энергетикалық тәуелділіктен құтқара ма?Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Алғабас ауылының тұрғындары соңғы 10 жыл көлемінде электр қуатының сапасына шағымданумен келеді. Кешқұрым ауылдағы барлық үй қосылғанда электр қуаты жетпей, кейде жарық сөніп қалады. Соның салдарынан елді мекенде тұрмыстық техникалар жиі күйіп, халық шығынға батып жатқан көрінеді. Жүзден аса түтіні бар Алғабас ауылындағы электр желілері тозған.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Жомарт жандарға ырзалығы шексіз
Ойын баласы дерсіз. Жасына қарап. Иә, егер төрт құбыласы тең дерлік отбасында болса уақытының көбін ойынға бөлер ме еді, кім білсін. Біз әңгімелегелі отырған Оразымбеттің ойлағаны ойын емес, бүкіл отбасының қамы еді. Тоғыз жасында адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастыратынына, достастыратынына анық көз жеткізді.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2022
«Парасат» – сансыз сауалға жауап алатын алаң
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Сайрам ауданында жүзеге асырылған «Парасат» пікірталас клубы жобасы туралы баяндады. Бұл жоба облыстағы өзге де аудан, қалаларға үлгі етіліп, бүгінде тұрғындармен кездесулер, ашық әңгімелесулер өткізілуде.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Жарылыстың бір себебі – жауапсыздық
Сайрам ауданында мектеп қазандығындағы жарылыстан бір азамат қаза тапты. Аудандық төтенше жағдайлар басқармасы таратқан мәліметтерге қарағанда, оқиға Ошақты ауылындағы Құрманғазы атындағы мектепте таңертеңгі сағат сегіз жарым шамасында орын алған. Оқушылар мектепке келіп жатқанда жылу қазандығы гүрс ете қалыпты. Дүмпудің күшті болғаны соншалық, аспанға атылған темір пеш сынықтары мектептің жанына барып түскен.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне түскен өтініштерді зерделеу нәтижесінде басым бөлігі азаматтардың жауап хатты алмау және олармен келіспеу деректеріне, жер мәселесіне қатысты екені анықталған. Осыған орай мемлекеттік органдардың тарапынан берілетін жауап хаттардың сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында департамент түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2022
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 80-ге жуық отбасы гүл өсiрумен айналысады. Дербісек ауылының тұрғындары қазіргі таңда үйіргелік жердегі жылыжайда гүлдің бірнеше түрін өсіруде. Былтыр шаруалар 600 мыңға жуық гүл өсірген.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2022
Мұрат Қабденов: Сервистік полиция – халыққа мінсіз қызмет
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Мұрат Қабденов қызметке кіріскен алғашқы жұмыс күндерін азаматтарды жеке қабылдауға арнады. Мұнан кейін ішкі істер органдарында білімді, өз ісіне адал және жауапты қызметкерлердің қатары көбейгенін қалайтынын аңғартып, талапқа сай жас мамандарды жұмысқа тарту мен қабылдау үшін «Ашық есік» күні өткізілді. Өңірдің ғана емес, Шымкент қаласы мен Жамбыл облыстарының жастары да келіп, рухани астанада қылмыстың азаюына өз үлестерін қосу ниеттері барын білдірген.
Әдебиет • 17 Ақпан, 2022
Түркістан облысындағы «Сырдария» университетінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Сағынады ақынды сыздап жүрек», «Махаббат поэзиясының королі» атты әдеби-сазды кеш өтті.