
Экономика • 07 Желтоқсан, 2021
Өнеркәсіп саласы өркендеп келеді
Шымкент қаласының индустриялық аймақтары өнеркәсіп саласының дамуына серпін беруде. Қазіргі таңда төрт өндірістік аймақта 8 мыңнан астам жұмыс орны мен 118 кәсіпорын ашылған. Жыл басынан бергі он айда 500-ден астам жұмыс орны мен жаңа 10 кәсіпорын іске қосылды. Одан бөлек, қосымша 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды. Нәтижесінде, алдағы 5 жылда өнеркәсіп өнім көлемін 700 млрд теңгеден 960 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған.
Қазақстан • 28 Қараша, 2021
Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі
Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы жас ұрпаққа жолдаған Үндеуінде тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті екендігін баса айтты. Елбасы: «Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын әріппен жазылары анық. Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы. Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады», деді.
Бизнес • 24 Қараша, 2021
Күні кеше Шымкентте YPO Forum Shymkent үшінші бизнес-форумы өтті. Жаңа жағдайдағы бизнес мүмкіндіктерін қарастыруға арналған форумға қала әкімі Мұрат Әйтенов және Қазақстанның бірқатар беделді бизнес өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Форумда қала басшысы отандық бизнесті дамытуда бүгінгі іскерлік жиынның маңызы жоғары екенін атап өтті.
Аймақтар • 23 Қараша, 2021
Шымкент қаласында халық саны өскен сайын түрлі өнім, қызмет түрлеріне деген сұраныс та артуда. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында жергілікті кәсіпкерлер сапалы өнім шығарып, тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде. Жылдан-жылға халықта таңдау еркіндігі артып келеді. Себебі үшінші мегаполисте кәсіпкерлік нысандары көбейіп жатыр. Бұл үрдіс өз кезегінде кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, сапаның артып, бағаның түсуіне зор ықпал жасайды. Нәтижесінде, нарықта азулы нысандар қалады. Осы орайда қалада тек ірі кәсіпкерлерді емес, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында көптеген жұмыс атқарылуда.
Бизнес • 22 Қараша, 2021
Кәсіпкер әйелдерді қолдайтын орталық
Әуелі әйелдердің іскерлігі мен ізденісіне байланысты цифрларды сөйлетсек. Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 42,3 пайызды құраса, оның басым бөлігі осы саладағы жұмыс орындарының 31,4 пайызын қамтамасыз ететін шағын және орта бизнеспен байланысты екен. Ұлттық статистиканың бұл мәліметі елімізде әйелдердің кәсіпкерлікті дамытуда ерлерден қалыспайтынының даусыз дәлелі.
Аймақтар • 17 Қараша, 2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне және Арыс қаласының 65 жылдығына орай Түркістан облысының Арыс қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды. Өнер туындысын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Арыс қаласының тумасы Тілеуберді Бинашев сыйға тартты.
Өнер • 16 Қараша, 2021
Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ: Өнерімді шынайы бағалаған Елбасына қарыздармын
Жуырда Шымкент қалалық опера және балет театры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаңғыртып, жаңаша стильде көрермен назарына ұсынды. Жалпы, биыл үшінші мегаполистегі бұл театрдың жаңа тынысы ашылғандай, өзгеріс көп. Өнерсүйер қауым бұл оң өзгерісті театр басшысы Майра Мұхамедқызымен байланыстырып отыр. Осы орайда аз уақытта көп іс тындырған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі Майра Мұхамедқызын сөзге тартқан едік.
ANTIKOR • 16 Қараша, 2021
Парақор және жымқыратындар көп
Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың көбі құқық қорғау органдарында, білім, денсаулық сақтау, құрылыс салаларында тіркеліп отыр. Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті 77 қылмысты тіркеген. Оның 63-і сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс.
Аймақтар • 15 Қараша, 2021
Түркістан тарихын тиын арқылы терең танисыз
Түркістанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен, 15 қараша ұлттық валюта – теңге күніне орай, «Нумизматикалық материалдар бойынша Түркістан тарихы» көрмесі ашылды. Нумизматика сөзі латын тілінен аударғанда «тиын» деген мағына береді. Қазіргі таңда бұл тарих ғылымының тиындарды зерттейтін көмекші саласы.
Қазақстан • 13 Қараша, 2021
Шымкентте сыбайлас жемқорлық сипатындағы 63 қылмыс тіркелген
Шымкент қаласында жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан 77 қылмыс тіркелген. Оның 63-і сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс, деп хабарлайды Egemen.kz.