
Қазақстан • 27 Сәуір, 2022
Бюрократиялық кедергілерге жол берілмейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, агенттік барлық әкімшілік рәсімдерге талдау жасап, әр жарты жыл сайын оның нәтижесін, яғни бюрократия көріністерін алдын алу бойынша нақты ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне енгізеді. Бюрократиялық кедергілерге жол берілмейді.
Оқиға • 26 Сәуір, 2022
Жексенбідегі жаңбыр: Екі ауданда үйлерге су кіріп, мал шығыны орын алды
Өткен жексенбі Түркістан облысындағы қос ауданның тұрғындары үшін жайсыз өтті. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының бір елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, тойхананың, 16 шаруашылық құрылыс нысанының ішіне су кірген. Сарыағаш ауданына қарасты Бағыс ауылындағы 4 үйдің ауласын су шайып, бір үйдің ішіне су кірген.
Экономика • 26 Сәуір, 2022
«Егістен сөреге дейін» жобасы аясында отандық өнімнің өрісі кеңейеді
Түркістан облысында жаңа піскен көкөністер басқа өңірлерге қарағанда 1,5-2 ай ерте жиналады. Биыл ерте пісетін 200 мың тонна қырыққабат облыс қажеттілігін 12 есеге артық қамтамасыз етеді. Жалпы Түркістан облысы республика халқын әлеуметтік маңызы бар ерте пісетін мезгілдік картоп, пияз, сәбізбен қамтамасыз етуге қауқарлы. Енді осы өнімдерді сату және тасымалдау жеңілдейтін болды.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Жалған нөмір қолданғандар жауапқа тартылады
Шымкент қаласында өткен жиында ішкі істер саласын жетілдіру мәселесі талқыланды. Отырысқа Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен құқық қорғау органдарының басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.
Білім • 25 Сәуір, 2022
Университеттің отыз жылдығына – 30 жоба
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойына арналған 30 жобаның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 25 Сәуір, 2022
Алтын аймақ Ақтөбеден – Ер түріктің бесігі Түркістанға
Ақтөбе облысының жұрты түркістандықтардың алғысына кезекті рет ие болды. Кезекті дейтініміз ақтөбеліктер киелі қаланы түлетуге қосқан үлесі ретінде Түркістан облыстық драма театрының ғимаратын тарту еткен болатын.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2022
Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында этика шеңберінен шыққан, жер телімін беру заңдылығын бұзған шенеуніктердің тәртіптік ісі қаралды.
Өнер • 22 Сәуір, 2022
Түркістан облысының Сайрам, Созақ аудандарының тұрғындарын тамаша өнерімен тәнті еткен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің «Тұран даласына күй шашу» атты гастрольдік концерті облыс орталығында жалғасын тапты.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2022
Қажетті техника ауылда құрастырылды
Келес ауданы, Лесбек батыр елді мекенінің тұрғыны Абзал Жасұзақ ауыл шаруашылығына көмектесетін техника құрастырып шығарды.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2022
Су қоймасы қоқыстан тазартылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті еліміздің барлық өңірінде «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған. Су айдындарын балық аулау құралдарынан және жағалауын қоқыстардан тазарту арқылы табиғатқа жанашырлық жасау мақсатындағы акция Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында өтті.