Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1699 материал табылды

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2022

Бағаны тұрақтандыруға диқандар да мүдделі

Түркістандық диқан­дар­дың өз есебі бар. Яғ­ни жылдың әр күнін тұрмысын жақсарта түсу мақсатында тиімді пайдалануды мақсат тұтады. Мысалы, Жетісай ауданына қарасты Атамекен, Ералиев ауылдық округ­терінің диқандары жылы ауа райын сәтті пайдаланып, 5 гектар жерге қырыққабат көшеттерін отырғызып үлгерген.

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Жас жауынгерді ақтық сапарға шығарып салды

Алматы қаласындағы террористік шабуылға тойтарыс кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының 2-курс курсанты Дәулет Жұпарбеков ерлікпен қаза тапты. Отан алдындағы борышына адал болып, ел тұтастығын сақтау жолында ерлікпен қаза тапқан жас ұланның денесі өзінің туған жері – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына жеткізіліп, Түркістан жұртшылығы оны ақтық сапарға шығарып салды.

Қоғам • 05 Қаңтар, 2022

Үздік полицейлер марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция жұмысын «сервистік модельге» көшіруді тапсырған болатын. Тапсырманың өз деңгейінде орындалуы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев тарапынан қатаң қадағаланып, бақылануда. Яғни халықпен үнемі байланыста болатын учаскелік инспекторлардың жұмысы жіті қаралуда. Инспекторлардың жұмыс көрсеткіші жоғарылау үшін жағдай жасалып, жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2021

Республикалық байқауда жеңімпаз атанған полицейлер марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция жұмысын «сервистік моделге» көшіруді тапсырған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2021

«Әл-Фараби» – «Ой дода» жеңімпазы

Түркістан облысы Келес ауда­нында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және облыс­тық «Жастар ресурстық орта­лығының» құрылғанына 10 жыл толуына арналған респуб­ликалық «Ой дода» интеллектуалды сайысы өтті.

Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2021

Білім мен өнерді ұштастырып...

Түркістан өңіріндегі қасиетті Орда­басы биігінде 1993 жылы мамырда өткен тәуелсіздіктің ұлы тойы ел жадында. Үш жүздің басын қосқан Ордабасыға, елді бірлікке үндеген Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге, жауға тастүйін жұмыла қайрат көрсеткен бабалар рухына тағзым ретінде өткен ұлы жиынға жиналған халықтың алдында жасаған баяндамасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осынау қасиетті жерге жұртты бір ой, бір тілек, бір мақсат жетелеп әкелгенін атап өтті. Ордабасы тауындағы мерекені мыңдаған адам тамашалады. Сол айтулы жиында «Әлия» квартеті көпшілік қауымның қуанышты көңіл күйін әнмен елжіреткен болатын.

Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2021

Бала көбейіп, мектеп салынуда

Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсанда Түркістан облысында 190 сәби дүниеге келді. Оның 96-ысы ұл болса, 94-і – қыз бала. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Мереке күндері кезекші ауысымда жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер нәресте мен анаға күтім жасаған.

Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021

Тұлғаға құрмет – тарихқа құрмет

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі танымдық, тағылымдық істермен де ел есінде қалады. Шымкент қаласында мереке қарсаңында қос бірдей ескерткіш ашылды. Қала әкімдігінің қолдауымен қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің композициялық мүсіні ашылып, «Дара» атты фильмнің тұсаукесері өтті.

Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021

Кітапханаларды жаңғырту – қоғамдық сананы жаңғырту

Шымкент қаласында мәдениет саласына терең сараптама жасалып, сапасын дамыту концепциясы жыл басында әзірленген болатын. Оның ішінде түрлі мәдениет мекемелері өнімділігінің негізгі көрсеткішін көтеру жоспары түзіліп, қызықты идеялар ұсынылған. Мысалы, кітапханаларда тек кітап оқып қоймай, тұрғындардың бас қосып, уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау, театрлар, цирк пен зообақтың жұмысын жаңа деңгейге көтеру жоспарланған болатын.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021

«Сырдария» университетінде халықаралық форум өтті

«Сырдария» университетінің ұжымы еліміздің жоғары оқу орындары профессор-оқытушылары мен студенттеріне, Түркістан халқына Үндеу жолдап, Елбасы Н.Назарбаев анықтап берген «Елдіктің жеті тұғыры» мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттер мен іс-шараларды бірлесе атқаруға, Ұлы даланың жаңғыру мен жаңару жолындағы, жаңа кезеңіндегі биіктерін бірге бағындыруға шақырды. Үндеу Тәуелсіздікке 30 жыл: «Жаңа цифрлық дәуірде – ұлттық дамудың ұтымды жүйесін нығайту» тақырыбында өткен халықаралық форумда жасалды.