Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек
Биыл 1 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда қабылданған Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіледі екен. Сол ұсынымда 4 күндік жұмыс аптасына көшу жайы да қарастырылып отыр.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Естеріңізде болса, бірер жыл бұрын тұрғын үй қорын басқарудың тың тетігі ұсынылып, бекітілген-ді. Сол ереже-талаптың шеңберінде былтыр пәтер иелері кооперативтері жұмысын тоқтатып, оның орнына меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестіктер құрылуы керек еді.
Музей • 19 Сәуір, 2023
Кірістің көзі – туризмде. Мұны жақсы білетін елдер туризмге қомақты қаржы бөлсе, туристік компаниялар арасында бәсекелестік қызып тұр. Ал туристер көбіне-көп бұрын-соңды көрмеген, таңсық дүниелерге қызығады. Мысалы, қазір музейдегі экспонаттарды тамашалауға таптырмайтын виртуалды мұражай веб-сайттары бар. Бұл да болса, өлкенің мәдени-тарихи мұраларын қашықтан тамашалауға мүмкіндік береді.
Денсаулық • 17 Сәуір, 2023
Әуелден адам өмірін жеңілдетеді деп топшылаған технологиялардың мүмкіндігі молайған сайын, ел-жұрттан ұйқы қашып, маза болмай жүр, «күн мен түнім алмасып кетті», «ерте ұйықтай алмай жүрмін» деген сипаттағы шағымды жиірек еститін болдық. Түн ұйқысы тыныш болмаған адамның күндіз әлі құрып, әбіржіп, біраз уақыт дел-сал күйге түсетінін біліп қалдық. Аз ұйықтап, көп жорту ағзаға артық салмақ салмай ма деген сұрақ көпті мазалағанымен, екінің-бірі дәрігерге қаралмайтынын тағы білеміз.
Ғылым • 17 Сәуір, 2023
Әйгілі ғалымның мұрасы сараланды
Астана медицина университетінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, көзі тірісінде профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасын басқарған Ерболат Дербісәліұлы Дәленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты ашылды.
Елорда • 09 Сәуір, 2023
Белсенді өмірге бел шеше кіріс!
Дүниежүзілік денсаулық күнінде сала мамандары бастап, халықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру дәстүрі қалыптасқан. Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жыл толыпты. Атаулы күн қарсаңында елорда тұрғындары Ботаникалық саябақта қысқа қашықтыққа жүгіріп, бой сергітіп қайтты.
Әскер • 06 Сәуір, 2023
Сарбаз шақтан мамандық таңдауға дейін...
Егемендік алған жылдан күні бүгінге дейін Қарулы күштердің жауынгерлік-тактикалық дайындығына, ұрыс құралдарын сатып алуға, оны шебер меңгеруге көбірек көңіл бөлінді. Тек былтыр мерзімді әскерден оралған сарбаздардың жоғары білім алуына жеңілдік қарастырылатыны туралы хабарды естіп, сарбаздарды іс жүзінде ынталандыруға басымдық берілгенін білдік. Бұл ірі жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды әскери қызметке ынталандыру жөніндегі тапсырмасы негізінде қолға алынды.
Мәселе • 04 Сәуір, 2023
Су мәселесі сарсаңға салмай ма?
Өткен аптада «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұрғындарды суды үнемдеп пайдалануға шақырғаны туралы хабар кеңінен тарады. Осыдан кейін біз кәсіпорынның сорғы-сүзгі стансасына барып, мән-жайды бағамдап көрдік.
Медицина • 30 Наурыз, 2023
Медицина білікті дәрігерлердің табанды еңбегінің нәтижесінде дамиды. Осы мезетте ғылыми медициналық орталықтардың тәжірибесін өзге ауруханадағы дәрігерлер уақыт сәтімен меңгеретініне үміттіміз. Жуырда елімізде алғаш рет төменгі қуыс венаны резекциялау және қайта құру, синтетикалық протезбен бауырды трансплантациялау операциясы сәтті өтті.
Денсаулық • 27 Наурыз, 2023
Онкологиялық аурулар алдын алғанда азаяды
Кейінгі 20 жылда елде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың саны 25%-ға, обырдан кейінгі өлім-жітім 33%-ға азайғаны байқалады. Қазірдің өзінде онкологиялық ауруға шалдыққан 205 мыңнан аса пациент динамикалық бақылауда тұр. Алайда жыл сайын қатерлі ісіктің 37 мыңнан аса жаңа жағдайы анықталса, өкінішке қарай, 13 мыңнан аса адам бақилық болады.