Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Мұқтаж жандарға елеулі көмек

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мүгедектігі бар адам­дарға көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтты.

Мұқтаж жандарға елеулі көмек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы былтыр халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мен көлемін арттыруда айтарлықтай жетістікке жеткен. Оның шінде сурдологиялық әдістердің саны және кохлеарлы импланттары бар балаларға көрсетілетін көмек көлемі өскен. 3D-технологияларды пайдалана отырып протездеу жетілдірілген. Мысалы, былтыр ұлттық ғылыми орталықта халықты сурдоло­гия­лық қабылдау 10%-ға, медициналық-техни­калық ко­миссияның консультациясы 28%-ға артқан. Азаматтар­дың өтініштері көбейгеніне байланысты есту-сөйлеуді оңалтуға тартылған қызметкерлер штаты кеңейтілді. Жұмыстың осы бағытында 25 маман біліктілігін арттыру курсынан өтіпті.

Күндізгі және тәулік бойы бақылау жағдайында есту-сөйлеуді оңалту барысында кохлеарлық импланттаудан кейін балалармен жұмыс істеу үшін жаңа әдістемелік және білім бағдарламалары әзірленді. Елдің шалғай өңірлерінен кохлеарлық импланттары бар балаларға көмек көрсету деңгейі артқан. Соның ішінде Абай, Ұлытау облыстарының пациенттері де қосымша қамтылды. Осылайша, 17 өңірдегі осындай жәрдемге мұқтаж бала­ларға тиісті көмек көрсетіліпті.

Жалпы, Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлт­тық ғылыми орталығы пациенттерінің 80%-дан астамы көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанаты­нын айтты. Бұдан басқа, орталықта протездік-ортопедия­лық салада инновациялық технологиялар енгізілген. 3D-технологияларды пайдалана отырып протездеудің технологиялық үдерістері жетілдірілген. Мемлекеттік тапсырыс аясында 248 протездік-ортопедиялық бұйым жасалса, оның 6-ауы инновациялық, 242-сі жаңа технологиялар арқылы іске асқан. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50