Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Тұрғын үй заңының оңтайлы тетігі

106 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үй саясатына бірқатар өзгеріс енгізілді. Елдегі әрбір отбасының әлеуметтік хал-ахуалын ескере отырып ұсынылған Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң биыл 24 мамырда күшіне енеді.

Тұрғын үй заңының оңтайлы тетігі

Мемлекет жәрдемге мұқ­таж отбасыларға әлеуметтік төлем­дерден бөлек те жан-жақ­ты қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, осы күнге дейін жетім балалар, көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, тағысын-тағы осал топтағы отбасылар түрлі бағдарламалар арқылы жалға баспана алып, сонда тұрып келді. Яғни олар жалға алған баспанаға нарықтағы бағадан әлдеқайда аз ақы төлей­тін. Осылайша, әлеуметтік осал топтағы отбасылар жалға алған пәтерде уақытша тұруға мүмкіндік алды. Қазір мұндай үйлерде 70 мыңнан астам адам тұрады. Осыған дейін сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерде тұратын отбасылармен қоса, апатты тұрғын үйдің орнына деп ұсынылған баспанада тұратын отбасылар пәтерді заң жүзінде жекешелендіре алмайтын. Ал Президент қол қойған жаңа заң талаптары үй алуды көксеп жүрген талай шаңы­раққа үміт сыйлағалы отыр.

Біз айтып отырған құжат­тың жекешелендіруге қатысты нормалары былтыр желтоқсан айының басында қолданысқа енгенін ескерсек, тұрғындар өзгерістің шарапатын сол кезден-ақ көре бастады. Яғни тұрғын үй қорынан жалға алған үйді жекешелендіруге құқық берілді. Айталық, желтоқ­сан­нан бері 400-ге жуық адам пәтерін жекешелендіріп үл­гер­ген. Мысалы, жуырда Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев әлеуметтік желідегі парақ­шасында Жадырасын Сәдуақасов есімді тұрғынның сатып алу құқығынсыз берілген пәте­рін жекешелендіргенін жариялады. Қуанышты хабарды қарияға Ерлан Әбдиевтің өзі жеткізіп, үйдің дайын құжатын қолына ұстатқан.

– Жадырасын Сәдуақасов 2007 жылдан бері Астана қала­сында I топ мүгедектігі бар тұлға ретінде үй кезегіне тұр­ған. 13 жыл кезек күтіп шар­ша­ған ағамыз 2020 жылы сатып алу құқығынсыз пәтер беретін бағдарламаға қатысуға амал­сыз бел буған. Ол кезде бағдарлама шарты бо­йынша үй мемлекеттің балансында, ағамыздың үйді жекешелендіруге құқы болмады. Былтыр Парламент осы санаттағы азаматтарға бағ­дар­лама арқылы алған үй­лерін тегін жекешелендіру құ­қы­ғын беретін заң қабыл­дады. Президент заңға 4 жел­тоқ­санда қол қойды. Содан беріде осы санаттағы көптеген азамат баспаналы болды. Бір қуантарлығы, мемлекеттен жалға алған пәтерді тегін жеке­шелендіретін тұлғалар саны 11 мың деп жобаланады. Бұл дегеніміз – 11 мың отбасы көптен күткен пәтер кілтін қолына алады деген сөз. Бұдан басқа санаттағы 30 мың азамат қалдық құнымен үйлерін жекешелендіре алады, – дейді Е.Әбдиев.

Талай жыл аңсаған арма­ны­на жеткен Жадырасын Сәдуақасов тұрғын үйге қатыс­ты ойластырып отыр­ған басқа да жоспарлары бар екенін жасырмайды. Қарттар үйінен пана тапқан ақсақал тұрғын үй шаршы метрін көбейтсе, немерелеріне оралғысы келеді. Себебі ай мен күннің аманында қарттар үйіне ауысуына үйдің тарлығы мәж­бүр­лепті. Міне, бұл, сатып алу құқығынсыз үйлі болған бір ғана адамның тағдыры, ал Жадырасын қария секілді болмаса да таршылықта күн кешіп жүрген қанша отбасы бар?

Осы тұста, түсініктірек болу үшін айта кетсек, азаматтардың кейбірі жалға алған үйінің құнын толық төлеп алса, тағы бір бөлігі қалдық құнымен жекешелендіре алады. I, II топ­тағы мүгедек жандар, соғыс ардагерлері, Чернобыль АЭС апатында болғандар, Семей ядролық полигоны мен Арал маңы экологиялық апа­­ты­ның зардабын көрген азамат­тар үйін еш ақысыз тегін жеке­ше­лен­діреді. Жадырасын ақсақал осы санатқа кіретін болған соң, сатып алу құқығынсыз тұрып келген пәтерін өз атына тегін ауыстырып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03