Ғалам ғажаптары • 30 Мамыр, 2025
Қытайдың Ханчжоу қаласында алғаш рет адамға ұқсас роботтар арасында бокстан турнир өтті.
Ғалам ғажаптары • 30 Мамыр, 2025
Израиль ғалымдары өсімдіктердің күйзеліске ұшыраған кезде дыбыс шығаратынын дәлелдеді.
Ғалам ғажаптары • 30 Мамыр, 2025
14 жастағы ақтаулық шахматшы елімізде алғашқылардың бірі болып гроссмейстер атанды.
Білім • 28 Мамыр, 2025
Баланы 1-сыныпқа қалай даярлаймыз?
Биылғы оқу жылы аяқталып, оқушылар арқасын кеңге салып жазғы демалысқа кетті. Алайда баласы алдағы күзде алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын ата-аналар үшін босаңситын уақыт емес. Керісінше, осы маңызды кезеңге дайындықты қолға алатын шақ. Өйткені мектепке психологиялық дайындық – баланың болашақ оқу жетістігінің негізі. Сондықтан психолог Айгүл Наурызбаевадан баланы 1-сыныпқа қалай дұрыс даярлау керегін сұрап білген едік.
Ғалам ғажаптары • 28 Мамыр, 2025
«Nurabot» дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды тасиды, келушілерге жол көрсетеді, тіпті бөлімшеде кезекшілік те атқарады.
Ғалам ғажаптары • 28 Мамыр, 2025
АҚШ-та дәрігерлер алғаш рет жеке«CRISPR»-терапияны қолданып, ауыр генетикалық дертке шалдыққан нәрестені емдеді.
Ғалам ғажаптары • 28 Мамыр, 2025
Панамадағы Хикарон аралында ақбетті капуцин маймылдары біртүрлі мінез көрсете бастады. Олар басқа түрге жататын рева маймылдарының ұрпағын ұрлап, бірнеше күн бойы арқаларына асып жүретінді шығарған.
Білім • 24 Мамыр, 2025
Міне, тағы бір оқу жылы мәресіне жетті. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2024–2025 оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 217 мың оқушы мектеппен қоштасып, түлек атанды. 23 мамыр – ресми түрде барлық мектеп үшін соңғы оқу күні болып бекітілген. Осы күні республика көлемінде бірыңғай форматта «Білімім – Отаныма» атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Айтулы күнде біз Астана қаласындағы Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясына арнайы барып, соңғы оқу күніне қатысып қайттық.
Таным • 23 Мамыр, 2025
Кейде көкейге бала кездің қызығы, армандап жүріп жейтін балмұздақтың дәмі, студенттік кезеңдегі махаббат, өткен күндеріңнің естелігімен байланысты бір әдемі ән не ескі достың естен кетпес әңгімесі орала кетеді. Ә дегенде езуіңе күлкі үйіріліп, артынша жүрегің шым ете қалады. Ностальгия дейсің. Қызығы, осы бір сезім адамды адал досқа айналдырады екен.
Digital • 22 Мамыр, 2025
Балаларға арналған цифрлық қосымшалар
Бүгінде еліміздегі балалардың 46 пайызы интернетке 5-8 жас аралығында кірсе, 5 пайызы 4 жасқа толмай жатып цифрлық әлемнің есігін ашады екен. Смартфон – баланың ойыншығы ғана емес, ұстазына да айналды. Цифрлық дәуірде дүниеге келген ұрпақ үшін технология таңсық емес – табиғи ортасы. Ендеше, олардың ақпаратты қалай тұтынатыны, неге сенетіні, тіпті қандай тілде сөйлейтіні – осы құрылғыға байланысты. Сол себепті балаларға арналған қазақша цифрлық қосымшалар мен жобалардың маңызы арта түсті.