Білім • 21 Ақпан, 2025
Пәндерді жалаң біріктіру: Қателік қайталана ма?
Мектеп сынақ алаңына айналғалы қашан... Жылда жаңа реформа дайын тұрады. Келер жылы да 2026–2027 жылғы оқу стандарты аясында мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Көпшіліктің талқысына түскен өзгерістің бірі – пәндерді біріктіру. Реформашылар бұл шешім білім сапасын арттырады дегенімен, қоғамда оған қатысты сұрақ көп. Математика, химия, физика, биология секілді күрделі пәндерді біріктіріп оқыту қаншалықты дұрыс? Мұндай өзгеріс мұғалімдерге, оқушыларға, жалпы білім жүйесіне қалай әсер етеді? Бұл қадам білім сапасын арттырудың амалы ма, әлде бюджетті үнемдеудің жолы ма?
Digital • 21 Ақпан, 2025
«Ai-Sana»: ЖИ саласының бірегей бағдарламасы
«AI-Sana» – студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын дамытуға арналған бірегей бағдарлама. Ол 100 мың қатысушыны қамтып, ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға, технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бағдарлама өткен жылдың соңында Мемлекет басшысына қанатқақты жоба ретінде ұсынылған еді. Көп ұзамай Алматыда өткен «Digital Almaty» форумы аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде «Ai-Sana» бағдарламасының таныстырылымы өтті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оксфорд Инсайтс ұйымының сарапшысы Ричард Стирлинг, Стэнфорд университетінің қауымдастырылған деканы, доктор Пол Ким, «BTS Digital» компаниясының бас директоры Нұртай Әбілғалиев, «Factorial School» негізін қалаушы Арман Сүлейменов, «De Montfort» университеті өкілі, профессор Эрик Димла жаңа бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін талқылап, жасанды интеллектінің ел экономикасына, білім жүйесіне, еңбек нарығына ықпалы туралы пікірлерін айтты. Сол пікірлерді оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Айда жүретін көлік
Қытай инженерлері «Тансуо» атты Айда жүретін көлік құрастырып, оны алғашқы сынақтан өткізді.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Британияның «Core Power» компаниясы «Liberty» бағдарламасы аясында АҚШ-та жүзетін атом электр стансасын салмақшы.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: ЖИ Пушкиннің қолжазбасын жөндеді
Ресей ғалымдары нейрожелілерді пайдаланып, Александр Пушкиннің қолжазбаларындағы өшірілген мәтіндерді қалпына келтірді.
Білім • 20 Ақпан, 2025
«STEAM» жүйесі неге дағдарып тұр?
Қазіргі таңда еліміздегі білім жүйесінде «STEAM» (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) бағыты ерекше маңызға ие. Білім саласын заманауи талаптарға сай дамыту үшін бұл жүйенің қажеттілігі сөзсіз. Дегенмен тамаша бастамалардың көбі қағаз жүзінде қалып қояды. Шындығына келсек, көп мектепте «STEAM» білім берудің аты мен кабинеті ғана бар.
Таным • 20 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: 1 цент ұрлаған...
Малайзиялық Аман Шах қаржы операцияларының арифметикалық ерекшеліктерін пайдаланып, ақша ұрлаудың ерекше әдісін ойлап тапқан. Оның схемасы өте қарапайым. Ол әрбір ақша аударымынан 1 цент қалдықты өз шотына аударып отырған.
Таным • 20 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Қайырымды хакер
Хамза Бенделадж – әлемге қайырымды хакер ретінде танылған адам. Ол 217 банктің жүйесін бұзып, 4 млрд долларды Африка мен Палестинадағы қайырымдылық қорларына аударған.
Таным • 20 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: 500 миллионды қайтарған
2019 жылы Үндістандағы ірі банк күтпеген жағдайға тап болады. Кешкілік уақытта банк жүйесінде түсініксіз әрекеттер байқалып, есепшоттардан ақша жоғала бастайды. Белгісіз хакер небәрі бірнеше сағат ішінде 500 миллион долларды өз шотына аударып үлгерген.
Таным • 19 Ақпан, 2025
Мұзды судың ішінде бір минуттан артық болу – денсаулыққа қауіпті. Бірақ Вим Хоф -30°C аязда бірнеше сағат отырған. Тіпті мұз астында 57 метр қашықтықты бір деммен жүзіп өткен.