Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Адамды «Wi-Fi» арқылы таниды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италиялық ғалымдар адамның түрін көрмей-ақ, «Wi-Fi» сигналы арқылы оны тануға болатын жаңа технология ойлап тапты.

Адамды «Wi-Fi» арқылы таниды

Бұл жүйенің атауы – «WhoFi». Адам бөлмеде жүрген кезде оның денесі «Wi-Fі» толқынын бөгеп, өзгертеді. Бұл – әр адамда әртүрлі болады, яғни әркімнің «Wi-Fi ізі» ерекше. Ғалымдар осы сигналдың өзгерісін өлшеп, арнайы жасанды интеллект арқылы кім екенін анықтайтын әдіс ойлап тап­қан. Сынақ кезінде бұл жүйе адамды 95,5% дәл­дікпен таныған. Енді болашақта бұл технологияны қауіпсіздік жүйелерінде, ақылды үйлерде, ауруханаларда қолдануға болады.