Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
462 материал табылды

Аймақтар • 31 Қазан, 2025

Үш жылда – 65 жаңа медицина нысаны

Бүгінде ауылдық жерлерде де денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Абай өңірінде 2023–2025 жылдары 65 жаңа алғашқы медициналық-санитар­лық көмек нысаны салынып, пайдалануға беріледі.

Табиғат • 30 Қазан, 2025

Семейде орман тұқымбағы ашылды

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген бабаларымыз экожүйенің тепе-теңдігін терең түсінгендіктен айтса керек. Осы ретте еліміз үшін «Семей орманы» орны бөлек. Оны от пен отаудан қорғау өз алдына, оның генетикалық тұқым қорын сақтау да маңызды мәселе, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 29 Қазан, 2025

Семейде жаңа саябақ ашылды

Ұлттық мереке – Республика күнінде Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ ашылды. Салтанатты жиынға зиялы қауым, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 28 Қазан, 2025

Жер қойнауындағы жас маман

Биыл «Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша «Шығыстүстімет» ЖШС-де жұмыс істейтін тау-кен шебері Айбар Айдарұлы болатын.

Шаруашылық • 24 Қазан, 2025

Қаржылай қолдау тапқан қожалықтар

«ҚазАгроҚаржы» арқылы алынған жаңа техника егіс пен еңбектің өнімділігін арттырды, деп жазады Egemen.kz.

Тағайындау • 24 Қазан, 2025

Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды

Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына елімізге белгілі балуан Айбек Нұғымаров тағайындалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Аймақтар • 21 Қазан, 2025

Тері илегендер зар илемесін!

Семей десе, алдымен ойға оралатыны – Алаш тарихы мен әдебиет алыптары. Әйткенмен, бұл жердің руханияты қалай өркендесе, индустриясы да солай қарыштаған еді. Цемент зауыты, ет комбинаты, тері өңдеу өнеркәсібі ерте дамыды. Ал қоғам нарыққа кіргелі бұл өндіріс орындарының да шаруасы шатқаяқтады. Халқымыздың атакәсібі, күнкөрісі, тұрмыс-тіршілігі малмен тығыз байланысты болған соң әр қазақ баласы тері өңдеудің қыр-сырын жете білген.

Ауыл • 18 Қазан, 2025

Мақаншы – мызғымас ел іргесі

Мақаншы – елдің шетінде, желдің өтінде тұрғанымен, еліміздің ең берік шебі, туристік, транзиттік, кедендік, экономикалық маңызы бар аудан. Бір кездері таратылып кеткен аудан бүгінде қайта түлеп келеді. Президент бастамасымен Мақаншының тарихи мәртебесі қайтарылып, қаусаған тамырға қан жүгіре бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дін • 18 Қазан, 2025

Семейде мешіт құрылысы басталды

Семей қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңа «Semey Smart City» ықшам ауданында бес мың адамға арналған мешіттің құрылысы басталды. Ғибадат орны қоғамдық қордың қаражаты есебінен салынатын болды. Құрылысы 2028 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Бизнес • 18 Қазан, 2025

Кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа жолдары

Елімізде шағын және орта бизнесті қолдаудың басты тетіктерінің бірі – «Даму» қоры. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, кепілдік және субсидия түрінде қолдау көрсетіп келеді. Биыл қор қызметі жаңа форматқа көшкен. Бұл – кәсіпкерлерге қаржы алу процесін жеңілдетіп, қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.