Тағайындау • 24 Қазан, 2025
Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды
Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына елімізге белгілі балуан Айбек Нұғымаров тағайындалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Семей десе, алдымен ойға оралатыны – Алаш тарихы мен әдебиет алыптары. Әйткенмен, бұл жердің руханияты қалай өркендесе, индустриясы да солай қарыштаған еді. Цемент зауыты, ет комбинаты, тері өңдеу өнеркәсібі ерте дамыды. Ал қоғам нарыққа кіргелі бұл өндіріс орындарының да шаруасы шатқаяқтады. Халқымыздың атакәсібі, күнкөрісі, тұрмыс-тіршілігі малмен тығыз байланысты болған соң әр қазақ баласы тері өңдеудің қыр-сырын жете білген.
Ауыл • 18 Қазан, 2025
Мақаншы – елдің шетінде, желдің өтінде тұрғанымен, еліміздің ең берік шебі, туристік, транзиттік, кедендік, экономикалық маңызы бар аудан. Бір кездері таратылып кеткен аудан бүгінде қайта түлеп келеді. Президент бастамасымен Мақаншының тарихи мәртебесі қайтарылып, қаусаған тамырға қан жүгіре бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 18 Қазан, 2025
Семейде мешіт құрылысы басталды
Семей қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңа «Semey Smart City» ықшам ауданында бес мың адамға арналған мешіттің құрылысы басталды. Ғибадат орны қоғамдық қордың қаражаты есебінен салынатын болды. Құрылысы 2028 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 18 Қазан, 2025
Кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа жолдары
Елімізде шағын және орта бизнесті қолдаудың басты тетіктерінің бірі – «Даму» қоры. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, кепілдік және субсидия түрінде қолдау көрсетіп келеді. Биыл қор қызметі жаңа форматқа көшкен. Бұл – кәсіпкерлерге қаржы алу процесін жеңілдетіп, қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
Баспананы жекешелендіру мәселесі заң аясында шешіледі
Аягөз қаласындағы 267 тұрғын үй әлеуметтік аз қамтылған, мүгедек жандар мен көпбалалы, толық емес отбасыларға берілген. Дегенмен биыл аталған үйлерді жекешелендіруге байланысты бірқатар қиындық туындады.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі сайланды. 12 қазанда семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасады.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
85 ірі агрожоба іске асырылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруашылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты.
Ұлттық спорт • 14 Қазан, 2025
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде қазақ елінің құсбегілік спортының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Сайлау • 11 Қазан, 2025
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі Семейде сайланбақ. Яғни 12 қазан күні семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасайды.