
Еңбек • 09 Сәуір, 2025
Еңбек нарығында белсенділік артты
Елімізде жұмыс күшіне деген сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр. Биылдың бірінші тоқсанында hh.kz платформасында 120 мыңнан астам белсенді жұмыс орны ұсынылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 09 Сәуір, 2025
Алматының Медеу ауданында су тапшылығы шешімін табады
Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудың резервтік жүйесін орнату аяқталды. Іске асырылып жатқан жобалар ағымдағы жылдың соңына дейін Сұлусай және Мұзтау шағын аудандарын сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
ТКШ саласын нендей өзгеріс күтіп тұр?
Алматыда ПИК және МИБ қауымдастықтарының, басқарушы, сервистік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар тұрғын үй заңнамасы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
Өмір сүруге, білім алу мен жұмыс істеуге қолайлы жағдай іздеумен адамдардың мегаполистерге ағылуы елдегі урбандалу үдерісін үдеткені белгілі. Көші-қонның белең алуымен тұрғын үй жалдауға деген сұраныс барған сайын артып келеді. Бұл әсіресе студенттерге, жас мамандарға, жұмысшы мигранттарға қатысты. Алайда жалдау нарығындағы ұсыныстың бұл өсімге сәйкес келмеуі соңында бағаның өсуімен түйінделетіні анық.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Әлеуметтік қызметкер – қоғамның жанашыры
Бүгінде елімізде 13 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер қарттарға, мүгедектерге, басқа да күтпеген қиын жағдайға тап болған азаматтарға қауіпсіз, жайлы жағдай жасап, күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етумен айналысып жүр. Мұндай мамандардың жұмысы сырт көзге жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде үлкен төзімділік пен табандылықты қажет етеді.
Қоғам • 12 Наурыз, 2025
Еңбек жолын енді бастаған, баспана сатып алуға жағдайы жоқ жас мамандарға жәрдемдесу мақсатында елімізде бірнеше жыл бұрын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл қадам жастарға пәтерді нарықтық бағадан едәуір төмен жеңілдікті бағамен жалдап, кейін өз баспанасын сатып алу үшін қаражат жинауға жақсы мүмкіндік берді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 04 Наурыз, 2025
Жұмыспен қамту бағдарламалары қаншалықты тиімді?
Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың тұрмысын жақсарту – негізгі әлеуметтік мәселенің бірі. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы мемлекеттік саясат халықты лайықты жұмыспен қамту және әділ еңбекақыға негізделуге тиіс екенін айтқан еді. Жаһандық технологиялық трендтер еңбек нарығының кең көлемде трансформациялануына әкелетіні айқын. Осы орайда «Елдегі жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігі қандай?» деген сауалға жауап іздеп көрелік.
Қоғам • 22 Ақпан, 2025
Антифрод алаяқтықты азайта ма?
Цифрлық технологиялар шапшаң дамып, онлайн-қызметтер қарқын алған сайын алаяқтар да мүмкіндікті қалт жібермей, қырық айла ойлап тауып жатыр. Алдап-арбау тәсілінің шарықтағаны соншалық, шот иелерінің деректерін ұрлап, ақшасын қағып алу үшін алаяқтар енді өздерін жаңадан құрылған антифрод-орталықтың қызметкері ретінде таныстырып, «күмәнді операциядан қорғанудың жолын» сілтеуден тайынбайтын болған.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Жалпыадамзаттық құндылықтарды, ережелер мен мүмкіндіктерді қабылдамай, не әрі, не бері емес күй кешкен адам өзінің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық өмірдегі орнын таппай сенделеді. Бойындағы құдай берген қабілет-қарымын толық іске асыра алмай, қоғам «шекарасында» тұралап қалған жандардың (көбіне тұрмысы төмен, жұмыссыз азаматтар, этникалық аз топтар, жастар) дағдарысқа, қылмысқа, психоэмоционалдық бұзылуларға, тіпті радикалдануға да бейім тұратыны белгілі.
Еңбек • 05 Ақпан, 2025
Келісімшартсыз жұмыста береке болмайды
Келісімшартсыз еңбектің ертеңі бұлыңғыр екеніне тәжірибе жүзінде талай көзіміз жетсе де, көп азамат жұмыс істеуге ауызша келісіп, заңнамамен бекітілген бірқатар кепілдіктен, тұрақтылық пен мүмкіндіктен өз еркімен айырылып жатады.