
Энергетика • 08 Маусым, 2024
Алдағы 2-3 жылда елімізде энергия тапшылығы туындайтыны мамандар мен ғалымдар тарапынан айтылып жүр. Сондықтан елде атом электр стансасын салу мәселесі өткір тұр. Саланы жақсы білетін сарапшылар жыл оздырмай АЭС құрылысына кіріскен абзал дейді. Әйтпесе, энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан көрші елдерге тәуелді болып қалуымыз бек ықтимал.
Саясат • 01 Маусым, 2024
Беларусь астанасы Минск қаласында екі ел Үкімет басшыларының бірінші орынбасарлары Роман Скляр мен Николай Снопковтың төрағалығымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясының 18-отырысы болды.
Қоғам • 01 Маусым, 2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Ресейдің «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің президенті Александр Рудаковпен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күн тәртібіндегі мәселе – аграрлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру.
Экономика • 01 Маусым, 2024
Отандық өнім мемлекеттік қолдауға зәру
«Елдегі азық-түлік нарығы импорттың басымдығынан зиян шегіп отыр. Мемлекет бұған назар аударуға тиіс». Өнеркәсіптік одақтар альянсы осындай мәлімдеме жасады. Отандық өнім өндірушінің талабы қаншалықты орынды? Үкімет мәнісі мол мәселені дұрыс ескеріп, нақты шешім қабылдай ма?
Экономика • 29 Мамыр, 2024
Тауар өңдеуге түбегейлі өзгеріс керек
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқынының салдарын жою мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды. Отырыста ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланып, өңдеу өнеркәсібін ілгерілету ісі пысықталды.
Ауыл • 28 Мамыр, 2024
Былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,7%-ға төмендеген, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі 14,6%-ға дейін құлдыраған. Ал экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 5 млрд доллардан асты. Агроөнеркәсіптік кешен өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 42,6% болды. Биыл бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Сауда • 24 Мамыр, 2024
Геосаяси жағдайға байланысты құрлықтардың сауда-қатынас жолдары өзгеріп жатыр. Ол туралы жазылған пікір мен болжам да көп. Дегенмен сарапшылардың әсіресе, Еуразия құрлығындағы ойыншыларға қатысты көзқарасы оң: жақын келешекте Қытай, Үндістан және Орталық Азия бағытында инвестиция мен тауар айналымы артады.
Экономика • 24 Мамыр, 2024
Мақталы аймаққа апаратын магистраль
Өзбекстан іргесіне орын тепкен Дарбаза теміржол стансасынан Мақтааралға тартылатын шойын жол құрылысы өткен жылдың қараша айында басталды. Қазір жалпы ұзындығы 152 км болатын магистралдың астыңғы жол төсемдерін төсеу жұмысы қызу жүріп жатыр. Жаңа теміржол желісі қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Біздің ел одан не ұтады?
Ипотека • 22 Мамыр, 2024
Жаңа ипотека қанша жасты қуантады?
Жақында іске қосылған «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына тоғыз мың азаматтан өтініш қабылданып үлгеріпті. «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер арасында 35 жасқа дейінгі азаматтар көш бастап тұр.
Экспорт • 22 Мамыр, 2024
Өңделген өнім экспортын ілгерілету маңызды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері қаралды. Отырыста 2023-2024 жылғы оқу жылының аяқталуы мен каникул кезінде балаларды сауықтыру, бос уақытын, еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру шарасы да күн тәртібіне шықты.