
Руханият • 13 Қыркүйек, 2019
Қазақстандық музыканттар Цинандалидегі классикалық музыка фестиваліне қатысты
Грузияда посткеңестік кеңістіктегі ең ауқымды музыкалық фестивальдердің бірі – Цинандалидегі классикалық музыка фестивалі (Tsinandali Festival) 8 қыркүйектен бері жоғары деңгейде өтіп жатыр. 15 күн бойы Грузияның ең сұлу аймағы – Кахети өңірінде ұжымдар мен соло әртістерінің орындауымен 30-дан аса опералық, оркестрлік және камералық музыка концерттері жоспарланған фестиваль 22 қыркүйекке дейін жалғасады.
Руханият • 13 Қыркүйек, 2019
Руханият • 12 Қыркүйек, 2019
«Вайнах» салт-дәстүр күнін тойлады
Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан вайнахтары: Бірлік пен жасампаздық» атты қазақ жерін мекендеген шешен және ингуш этностарының мәдениет пен салт-дәстүр күніне арналған мерекелік жиыны болып өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның шешен және ингуштарының «Вайнах» орталығы ұйымдастырған мерекеге республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, зиялы қауым, облыс бөлімшелеріндегі ардагерлер және өңірлердегі белсенді жастар шақырылды.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2019
Әлеуметтанушылар зерттеуі халықтың басым бөлігінің ерікті-еріксіз түрдегі ермегі музыкамен байланысты екенін анықтапты. Теледидарды қосқаннан тұтқынына алатын концерттер мен әншілердің жүргізетін бағдарламасын айтпағанда, үйдегі студент пен бала біткен арнайылап көретін әртүрлі сападағы 5-6 музыкалық арнаның насихаты толассыз төгіліп тұр.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
І Алматы халықаралық опералық-симфониялық дирижерлерінің байқауы өтеді
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы биылғы жаңа маусымының шымылдығын ауқымды халықаралық шарамен ашқалы отыр. 10-15 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Classics Management Budapest» халықаралық агенттігімен ынтымақтастықта І Алматы халықаралық опералық-симфониялық дирижерлерінің байқауын өткізеді. Елдің мәдени өміріндегі елеулі шара әлемдегі ең үздік дирижерлердің басын қосып, жас дарындардың бір-бірінің өнерімен жақынырақ танысуына зор мүмкіндік сыйлап отыр.
Руханият • 09 Қыркүйек, 2019
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы гобелен суретшілерінің бірі Күлипа Жұбаниязованың «Сұлу өнердің сыры» атты жеке көрмесі өтуде.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Зарина Алтынбаева Италияны тәнті етті
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаева Италияда өткен «Montecatini Opera Competition – 2019» халықаралық байқауынан жүлделі 2-орын иеленіп, лауреат болып қайтты.
Руханият • 31 Тамыз, 2019
Тамыздың тамылжыған мақпал кешін күміс көмей әншілердің сұлу сазымен әлдилейтін ән мерекесі – «Көктөбе Опера – 2019» фестивалі жылдағы дәстүрімен меймандарға құшағын кең ашты.
Әлем • 29 Тамыз, 2019
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізгі ойларын іске асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дели қаласында әл-Фараби үйін ашты. ҚазҰУ бұл жобаны Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды.
Қоғам • 29 Тамыз, 2019
Ешқандай еңбек сіңірмей тегін дүние иелену адам табиғатына әу бастан дендеп кіретін қасиет болса керек. Тегін дүниеге кенелгісі келетіндерді көп ойланбай, табан астында топтап тастасақ, түрлері көп: әртүрлі лауазым иелерінің алатын парасынан бастап, түрлі мекемедегі ақша жинау, қарапайым жандардың қаржысына қақпан құрудан шаршамайтын әртүрлі алаяқ пирамидалар, соларға сеніп соңғы тиынын санап беретіндер, қоғамдық көліктегі «қояндар», тіпті түнеп шыққан қонақүйінің сабыны мен сүйретпесін кетіп бара жатып сөмкесіне сала кететіндердің ісін не туабітті мінезге, не жүре жабысқан дағдыға жатқыза алмайсың.