Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
530 материал табылды

Қоғам • 22 Тамыз, 2019

Ұлттық дәстүр шетелдік өнерсүйер қауымның көңілін аударып отыр.

«Шабыт» шығармашыл Жастар фестивалінің 1-орын иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лау­реаты Гүлназым Өмірзақ – белгілі суретшілер мен қолөнершілердің отбасында дүниеге келіп, өз қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген жас суретші. Бейнелеу өнерінің көшін көркем ізденістерімен толықтырып, дара қолтаңбасымен ерте мойындалған Гүлназым бүгінде шетелдік өнерсүйер қауымның да көңілін аударып отыр.

Әдебиет • 22 Тамыз, 2019

Байсал тартқан балалар өлеңі

Талантты қазақ ақындарының аудармасы арқылы өлеңдерімен жастай танысып, орыс балалар поэзиясын Корней Чуковский мен Самуил Маршактан бас­тап жүргенімізде, Ресей әдебиеті орыс балалар поэзиясын төрт ғасырлық тарихқа апарып тіреп, ел әдебиетінің мақтанышы етіп көрсетіп жатыр.

Кино • 20 Тамыз, 2019

Baiqonyr International Short Film Festival-ге қатысуға өтінім қабылдау аяқталды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының  қолдауымен үшінші рет өткізілгелі отырған Baiqonyr International Short Film Festival-ге қатысуға өтінім қабылдау аяқталды.

Қоғам • 31 Шілде, 2019

«Жеңіл» жазасы «атуға» ауыстырылған Жолдыбаев

Қоғам қайраткері, белгілі ағартушы-педагог, журналист Молдағали Жолдыбаев – «Ұшқыннан» «Егемен Қазақстанға» дейінгі газет тарихындағы оныншы редактор. Газет «Еңбекші қазақ» деп аталған тұста басшылық тізгінін Сәкен Сейфуллиннен кейін ұстаған М.Жолдыбаевтың есімімен Қазақстанның саяси-ағартушылық өміріндегі көптеген оқиғалар тығыз байланысты.

Сұхбат • 19 Шілде, 2019

Асхат Маемиров: «Өнер оқу орнындағы транспаренттілік – заман талабы»

– Асхат Максимұлы, Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында биылғы оқуға қабылдау жүйесіндегі айқын жаңалық – академия ғимараты алдын­дағы алаңға арнаулы LED экран қойылып, 8-13 шіл­де ара­лығында өткен шығар­машылық емтихан тапсырған талапкерлердің өнерін олар­дың ата-аналарының, жақын­дарының және жалпы ықылас білдірген көпшіліктің көріп тұруына жағдай жасалуы болды. Бұл идея әу баста неден туындады?

Сұхбат • 19 Шілде, 2019

Кәкен Қамзин: Көркем тіл компьютерлік технологияға есе жібере қоймас

– Кәкен аға, жалпы жур­налистиканың атқаратын қыз­меті мен міндеті туралы сіз бірқатар ғылыми еңбек, м­оно­графия жаздыңыз, ал со­ның ішінде бүгінгі зама­науи журналистикада айрық­ша байқалып отырған екі мін­детін алабөтен атап ай­ту керек сияқты: бірі – қоғам­ды ақпараттандыру болса, бірі – қоғамдық пікір қалып­тас­тыру. Бірақ осыншама ақ­па­раттық тасқынның ара­сы­нан шындықты тану күннен-күн­ге қиындап барады, оқыр­ман­ға маман ретінде өз кеңе­сі­ңізді айтыңызшы: сапалы ақ­па­ратты қалай ажыратамыз?

Қоғам • 12 Шілде, 2019

Көпке керек «Көшбасшылық»

Көшбасшы деген кім? Соңынан көпшілікті ілестіре алған, әлдебір орынтақта отырған, мансабы биік адам ғана көшбасшы атала ма? Ол туабітті қасиет пе, әлде кез келген адам меңгеретін қабілет пе? Жас болса да басқару ісінде бірталай тәжірибе жинақтап, өзі де көптеген еңбектердің жарыққа шығуына тікелей ұйытқы болған, Гарвард университетінде оқып, бүгінде «Мазмұндама» қоғамдық қорын құрған Шыңғыс Мұқанның жаңа кітабының тұсаукесеріне жиналғандар көшбасшылық төңірегіндегі сансыз сауалына толымды жауаптар тапты.

Руханият • 12 Шілде, 2019

Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы

Қазақстан Республикасы Президенті архиві мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейімен бірлесе отырып, «Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Сұхбат • 12 Шілде, 2019

UIB президенті Дархан Ахмед-Заки: Білім сапасының жоғары деңгейі – заманауи қоғам талабы

– Дархан Жұмаханұлы, жоға­ры технологиялы өндіріс­тер мен бизнес, білім мен ғы­лым үшін интеллектуалды са­палы маман даярлау жолын­дағы бәсекелестікте UIB тек өзіне ғана тән дәстүрін қалы­п­тас­тыра алды ма?

Руханият • 11 Шілде, 2019

Сопрано-сыңғыр

Ән салса, аспан астын толты­ра сорғалата шырқаған, қайталан­бас орындаушылық мақамымен там­сандырып, бірегей құбы­лыс ретінде опера отаны Ита­лия мамандарының өзін сүйсін­дір­ген, оларға ықыласпен қол соқтырғаны аздай, күміс кө­мейі­нің көшірме бейнесін жасатуға ын­тық етіп, бүгінде көзі жоқ бол­­са да, көмекейінің құрылысы Генуя мұражайында сақталып қалған дүлдүл Ғарифолла Құр­манғалиевтің мерейтойлық ке­шіне барып отырып, керемет кө­ріністің үстінен түстік.