
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
Ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы Іле ауданында да кең көлемде аталып келеді. Күні кеше Боралдай кентіндегі №54 орта мектептің кітапханасында ақын шығармашылығын арқау еткен «Абай әлемі» атты іс-шара өтті. Онда Абайдың, Пушкиннің портреттері мен дәйекті сөздері ілініп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектептің дарынды оқушылары хакім шығармашылығына тоқталып, оның тәрбиелік мазмұны туралы білгендерін айтты.
Мектеп • 05 Тамыз, 2025
Заманауи мектептер бой көтереді
Алматы облысында 2024–2025 оқу жылын 437 жалпы білім беретін мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы аяқтады (46 жекеменшік мектепте 16 412 оқушы). Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушы саны 11 059-ге артып отыр.
Шаруашылық • 31 Шілде, 2025
Шіліңгір шілде басталғалы бері Балқаш алқаптарындағы арпа-бидай ору жұмысы жанданып, дала төсі дүбірге бөленіп жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы мамандарының мәліметінше, биыл 16 124,1 гектар суармалы жерге егін егілсе, оның 5 066 гектарына арпа-бидай, 500 гектарға сұлы, 7 000 гектар жерге күріш дақылдары себілген. Осы күні диқандар егін орағының 510 гектарын бастырып үлгерген.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы облысында еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Іле ауданындағы «Бент» ЖШС өндіріс алаңында «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында зауыт жұмысшылары мен танымал спортшылар бірлесіп жаттығу өткізді. Жаттығуға 150-ге жуық адам қатысты.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Әрбір адамның өмірлік өнегесі оның ұстанымының қалыптылығы, көзқарасының тереңдігі, ақырын жүріп анық басқан байыпты болмысы, халқына сіңірген еңбегі, арқалаған аманатымен өлшенеді. Өмір керуенінде өзіндік жолымен танылған сондай жанның бірі – мәдениет қайраткері, мемлекеттік қызмет ардагері Қанымжан Шотбайқызы Сұлтанқұлова.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Медициналық мекемелер көбейіп келеді
Қарасай ауданында 47 елді мекен бар, олардың 38-інде медициналық мекемелер жұмыс істейді. Алайда 9 елді мекенде халық әлі күнге дейін тиісті медициналық қызметке қол жеткізе алмай отыр. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған 38 мекеменің 5-еуі жалға алынған ғимараттарда орналасқан, бұл олардың тиімді жұмыс істеуіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Оның ішінде 18 нысан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған, техникалық жағдайы қазіргі талаптарға сай келмейді, күрделі жөндеуді қажет етеді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2025
Аптапта ауызсудан тарығып отыр
Шілденің шіліңгір ыстығында таңдай жібітерге тамшы су таппай отырған ауылдар бар. Алыс ауылдарды былай қойғанда, Алматы қаласына іргелес орналасқан Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында ауызсу тапшылығы жылдар бойы шешімін таппай келеді.
Әдебиет • 18 Шілде, 2025
Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың кіндік қаны тамып, табанының табы қалған қасиетті Қарасаз ауылының еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ақын өлеңдерін жатқа айтуды әдетке айналдырған. Сөйтіп, ақынның туған жер, табиғат, әке мен анаға арнаған кәусар жырлары ауылындағы үлкен-кішінің жүрегіне жол тапқан.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Қарасай ауданындағы Олимпиадалық даярлау орталығында еліміздің Master Athletics, жеңіл атлетика федерацияларының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында жеңіл атлетикадан «Alatau 2025» ашық халықаралық турнирі өтті.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Күмәнді сілтемеден абай болыңыз!
Жастарды жат әдетке бой алдырудан сақтандыратын «Saqtan» әлеуметтік жобасы аясында кейінгі бір ай ішінде Алматы облысында 500-ден аса есірткі жарнамасы – заңсыз граффити, QR-код және Telegram сілтемелері жойылды. Бұл жұмысқа жастардан құралған еріктілер, студенттер және жастар ресурстық орталықтарының белсенділері тікелей атсалысып жатыр.