Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
415 материал табылды

Аймақтар • 22 Қараша, 2024

Кегендегі келелі істер

Кереге таулы Кеген ауданының бүгіні мен келешектегі келелі істерін көрсету мақсатында БАҚ өкілдерінің басын қосқан кең ауқымды баспасөз-тур ұйымдастырылды. Сапар барысында аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндап, бірқатар нысанның жұмысымен таныстырды. Биылғы жылдың 9 айында аудандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,7 млрд теңгені құраған. Негізгі капиталға 4,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Осы уақыт аралығында 3322 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 335-і заңды тұлға болса, 1467-сі – жеке кәсіпкерлер. Ауданда 1520 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Аймақтар • 21 Қараша, 2024

Алматы облысында үш барымташы ұсталды

Алматы облысында мал ұрлау дерегі азаймай тұр. Осы жылдың он айында мал ұрлығы бойынша 199 іс тіркелген, осы уақыт ішінде 331 жылқы қолды болған.

Әскер • 21 Қараша, 2024

Сарбаздар ант берді

Жуырда ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданындағы шекара басқармасында әскер қатарына алынған сарбаздардың ант беру рәсімі өтті.

Өнер • 20 Қараша, 2024

Алтай – Алатау арасы

Қара өлеңнің қаймағын қалқып, қоржынын тоғайтқан ақын, аудармашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабаның Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығы қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Алтай – Алатау арасы» атты авторлық ән-жыр шығармашылық кеші өтті. Автордың «Мен – Алтайдан ұшқан Ақсұңқар», «Жанартау» жыр жинақтары, «Жарылыс» атты аударма кітабы жарық көрген. Алматының төріндегі кешке Қазақстан Жазушылар одағы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қолдау көрсетті.

Мектеп • 19 Қараша, 2024

Жайлы білім ордасы

Жаңа атауға ие Алатау қала­сының Еңбек шағын ауда­нында «Жайлы мектеп» жобасы аясын­да салынған үш қабатты 600 орындық жаңа мектеп қолда­нысқа берілді.

Ұлттық спорт • 15 Қараша, 2024

100 шақырымдық аламан

Алматы облысы Пан­фи­лов ауылындағы «Қо­бы­­ланды» жылқы зауы­ты­ның аумағында Халық­аралық FEI Ат спорты фе­дерациясының қол­да­уымен 100 шақырым қа­шық­тыққа ат жарысынан халықаралық турнир өтті.

Қоғам • 13 Қараша, 2024

Кәсіпкер қолдаудан шет қалмайды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кәсіпкерлермен кездесіп, шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған бағдарламалар төңірегінде пікірлесті.

Ұлттық спорт • 13 Қараша, 2024

Қыран құс не алмайды, салса баптап

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Төле би аулындағы «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында «Сонар-2024» халықаралық құсбегілер турнирі ұйымдастырылды. Турнирдің негізгі мақсаты – құсбегілік өнерін дәріптеу, шетелдік қатысушылар арасында тәжірибе алмасу.

Аймақтар • 09 Қараша, 2024

Есіктің еңселі білім ордасы

Есік қаласының шетіндегі саяжай бала­лары енді алыстағы мектептерге тасымалданып, әуре-сарсаңға түс­пейді. Күні кеше Ең­бек­шіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті аулы­нан жалпы аумағы 2 гектар жерге орналасқан үш қабатты, типтік жо­балық қуаттылығы 1500 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді. Бұл биылғы оқу жылында инвесторлар тарапынан салынған облыстағы үшінші мектеп екенін еске салу артық етпес. Осы күні облыста 447 мектеп жұмыс істеп, онда 340 мыңнан астам оқушы білім алып отыр.

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Еріктілер сексеуіл тұқымын жинады

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысында тұқым жинау апталығы өткізілді.