
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Батыс пен оңтүстік өңірлерден бастау алған су тасқыны қатері елдің солтүстігіне де жылжып келеді. Таяу күндері елорданың маңындағы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында да төтенше жағдай қаупі туындады. Айта кетейік, аталған елді мекен Астанадан 26 шақырым жерде.
Айбын • 15 Сәуір, 2024
Айдын Айымбетов: Ғылымсыз ғарыш жоқ
Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлер күніне орай елордамыздағы Ұлттық қорғаныс университетінде ғарышкер, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетовпен кездесу өтті. Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және оқу орнының ұстаздары мен магистранттары қатысты.
Саясат • 12 Сәуір, 2024
Зорлық-зомбылыққа қарсы заң қандай өзгерістер енгізілді?
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдады.
Пікір • 11 Сәуір, 2024
Біраз уақыт бұрын Дінмұхамед Қонаевтың «Сталиннен Горбачевке дейін» атты кітабын оқып отырып, мына бір қызықты дерекке кезіктім. Тасқын суды тоқтататын «қарабура» әдісі жайында жазыпты. Көп адам біле бермейтін бұл әдіс шын мәнінде назар аударарлық.
Халық • 10 Сәуір, 2024
Әскерилер 150 адамды эвакуациялады
6 сәуірде Қарулы күштердің инженерлік техникасы Қонаев гарнизонынан елдің батысындағы су басқан аймақта уақытша байланыс өткелін ұйымдастыру үшін жеткізілді.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Еліміздің 10 өңірін су алып, халықтың басына сынақ келгенде дін өкілдері де қарап қалмай, жамағатты жұмылдырып, қам-қарекет жасап жатыр. Осы күнге дейін ҚМДБ тапсырмасымен Астана қаласы өкілдігінің өзі «Қиындықта ел бірге!» акциясы аясында Арқалық қаласына – 2, Ақтөбе облысына – 3, Оралға – 1, Атырауға 2 фура қайырымдылық көмек жіберді.
Айбын • 09 Сәуір, 2024
1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы Пшихарв шатқалында болған шайқас 17 қазақ сарбазының өмірін жалмады. Бауырлас елдің шекарасын күзеткен өрімдей жас жауынгерлер ауған тарапынан келетін қауіп-қатердің бетін қайтарып, заңсыз сауда-саттықтың жолын кесу мақсатында әскерге аттанған болатын.
Халық • 08 Сәуір, 2024
Көмектің алғы шебінде – әскери ұшқыштар
Өткен тәулікте апаттан құтқару шараларына Қарулы күштердің 450 әскери қызметшісі, 23 көлік техникасы, төрт тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.
Дін • 05 Сәуір, 2024
Ислам дінінде қасиетті күндермен қатар өзге мезгілдерден ерекшеленіп тұратын атаулы төрт түн бар. Олар – Рағайып, Миғраж, Барағат, Қадір түндері. Бүгінде біз қасиетті Рамазан айының соңғы онкүндігін өткізіп жатырмыз. Ғалымдардың пікірінше, Қадір түні осы онкүндіктің ішіндегі тақ түндердің біріне сәйкес келеді.
Айбын • 04 Сәуір, 2024
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысып жатыр.