Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
663 материал табылды

Құқық • 07 Ақпан, 2024

Заңсыздыққа тыйым

Жеке және заңды тұлғалардың жолдаған хаттары мен шағымдарын жан-жақты сапалы қарау және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру – прокурорлар жұмысындағы басты міндеттердің бірі.

Айбын • 07 Ақпан, 2024

Отандық өнім сынақтан сәтті өтті

Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімінде отандық кәсіпорындардың өкілдері Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін арнайы әзірленген ұшқышсыз аппараттардың алғашқы сынағын өткізді.

Айбын • 07 Ақпан, 2024

Бітімгерлер белесі

Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар орталығының (KAZCENT) базасында БҰҰ миссиясына қатысу үшін ұлттық бітімгершілік контингенті дайындалды. Өткен жылы сәуірден қыркүйек айына дейін «Бітімгер» оқу полигонында жан-жақты дайындалған 250 әскери қызметші халықаралық миссияны орындауға сақадай сай.

Құқық • 06 Ақпан, 2024

Қыз алып қашу – құқыққа қайшы әрекет

Қыз алып қашу қылмыс па? Бұл сұрақ кейінгі кездері қоғамда жиі қойылатын болып жүр. Бұрын қазақ қоғамында қалыпты болып саналған жағдай заң үстемдігі тұғырына мінген сайын салт емес, құқық бұзушылық ретінде таныла бастады.

Дін • 05 Ақпан, 2024

Елдік құндылықтар: дін, діл, дәстүр

Мемлекет басшысы 3 қаңтарда газетімізге берген сұхбатында: «Біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс», деді. Халықты біріктіретін, ынтымаққа ұйытатын елдік құндылықтардың бірі – сенім, яғни дін десек, қателеспейміз. Өкінішке қарай, кейінгі кезеңде түрлі күштер дінді қоғамды біріктіру жолына емес, жік салу мақсатына пайдаланды. Оның салдарын біз әлі күнге көріп те келеміз. Осы орайда елдің жанын ауыртқан, зиялыларға қам жегізген діни ала-құлалықтан қалай арыламыз? Елдік құндылықтар – дін мен діл, дәстүр мен білік үйлесімін лайықты кәдеге жаратып, халықтың ынтымағын арттыру үшін не істеу керек? Газет редакциясы ұйымдастырған кезекті дөңгелек үстел осы тақырыпқа арналды.Жиынға «Отандастар» қорының президенті, Төтенше және өкілетті елші Абзал Сапарбекұлы, абайтанушы, ІТ саласы маманы Сұлтан Ыбыраев, ҚМДБ Діни уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD, күрделі уақытта Атырауда өкіл имам болған Батыржан Мансұров, дінтанушы, философия ғылымдары­ның кандидаты Кеңшілік Тиышхан, дін саласындағы мемлекеттік сая­сат сарапшысы Ержан Байбол қатысты. Шараны «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы жүргізді.

Сенат • 02 Ақпан, 2024

Бала қауіпсіздігіне – айрықша назар

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады.

Саясат • 01 Ақпан, 2024

Сайлау – конституциялық-құқықтық өлшем

1 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Maqsut Narikbayev University»-де «Сайлау мемлекеттік биліктің заңдылығын қамтамасыз ету механизмі ретінде: конституциялық-құқықтық өлшем» атты дөңгелек үстел өтті.

Құқық • 31 Қаңтар, 2024

Активтерді қайтару: Тізілім толығып жатыр

Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару ісі басталғалы бері салық органдарының назарына 2000-нан аса отандасымыз іліккен. Бүгінде олардың мүлікті қандай жолмен алғаны тексеріліп жатыр.

Құқық • 31 Қаңтар, 2024

Әділ қоғамдағы заң үстемдігі

Заң солқылдақ болса, тиісті бақы­лау жасалмаса, халық игілігіне қызмет ететін ортақ мүлік­тер жеке қолдарға өтіп кететі­нін ащы тәжірибе көрсетті. Өкінішке қа­рай, бұған дейін­гі жылдары заң талап­тарын бел­шесінен басқандар тәр­тіпті ескермей мемлекет мүлкін жекешелендіріп алған. Қазір сол қылмыстар шеті­нен ашылып, заңсыз алынған мүліктер мемлекетке қайтарылып жатыр.

Құқық • 30 Қаңтар, 2024

Жол жөндеудің былығы

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша ауданның Экономика және қаржы бөлімінің жалпы сомасы 328 миллион теңгені құрайтын ашық конкурсы өткен жоқ.