
Айбын • 19 Қаңтар, 2024
Қарулы күштерде тәрбие жұмысы органдарының тарихы 1993 жылғы 19 қаңтардан бастау алады. Сол күні Президент Жарлығымен командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылған болатын.
Сенат • 19 Қаңтар, 2024
Халықаралық келісімдер ратификацияланды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенаторлар бірқатар заңды қарап, мақұлдады.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Қазақстан-Италия: Алысты жақындатқан алыс-беріс
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасына ресми сапармен барды. Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Жаяу жүргінші көліктерді өткізуге міндеттеле ме?
Бұған дейін Ашық ХҚА порталында еліміздің Жол қозғалысы ережелерінің 16-тармақшасына өзгеріс енгізуді көздеген жоба жарияланған еді. Алайда аталған өзгеріс қоғам тарапынан қолдау таппады. Ол қандай өзгеріс және енгізілмеуінің себебі неде?
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
5 күнде – 1,2 мың құқық бұзушылық
Елімізде «Тасымалдаушы» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды. Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балағат сөздер айту, қоқыс тастау, мас күйде жол жүру және темекі шегу сынды қоғамдық көліктердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуды мақсат тұтқан 5 күндік операция барысында полиция қызметкерлері 1,2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
Андрей Волков үшін осыдан бірнеше жыл бұрынғы бір кезекшілігі өміріндегі ең ауыр күндердің бірі болды. Ол аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан дәрігерлер жас офицердің табанын алып тастайды. Адамның бар салмағы түсетін табан сүйектерін алып тастаудың зардабы оңай болған жоқ. Алайда тағдырдың бұл сынағы арнайы бөлім офицерінің рухын түсірген жоқ. Арада бірнеше ай өткен соң Андрей қайтадан сапқа қосылды. 16 жылдан астам өмірін полицияға арнаған ол қазір ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында сабақ береді.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізетінін айта келе: «Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады» деген болатын.
Пікір • 15 Қаңтар, 2024
Конституциялық соттың судьясы Роман Подопригора Telegram арнасында жүргізуші куәлігі бар адамға және жүргізуші куәлігі жоқ адамға мас күйде көлік басқарғаны үшін көзделген жауапкершілікке қатысты жазба жариялады.
Саясат • 12 Қаңтар, 2024
Шикізатқа тәуелділіктен арылу – стратегиялық бағыт
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарады. Сондай-ақ бірқатар заңды мақұлдап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Әскер • 09 Қаңтар, 2024
Өткен жылы еліміздің Қарулы Күштерінде әскерлердің жедел-жауынгерлік дайындығына бағытталған барлық іс-шара орындалды. Ауқымды жоспарлы оқу-жаттығулар мен жауынгерлік әзірлік барысына тосын тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар Абай, Батыс Қазақстан облыстарындағы өртті сөндіруге, Жамбыл облысында қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін Төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсетілді.