Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
666 материал табылды

Айбын • 18 Ақпан, 2024

Ерлік ұмытылмайды

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Астана медицина университетінде интер­нацио­налдық борышын өтеу барысында қаза тапқан отандастарымызды еске алуға арналған кеш өтті.

Сенат • 16 Ақпан, 2024

Теміржол саласын реформалау нақтыланды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев­тың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар жайылымдар және оларды тиімді пайдалану туралы заңды қарады. Сон­дай-ақ отырыста Көлік министр­інің сенаторлардың депутаттық сауалына ауызша жауабы тыңдалды және Сенат депутаттарын Палатаның тұрақты комитеттерінің құрамына сайлау мәселесі қаралды.

Үкімет • 16 Ақпан, 2024

Мәдениет пен ақпараттың елдік міндеті

Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқасы өтіп, жиында министр Аида Балаева саланың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын жариялады. Іс-шара министрліктің қайта құрылғаннан кейінгі алғашқы үлкен жиыны екенін еске салған ол екі үлкен идеологиялық саланың басын біріктірген ведомство үшін отырысының маңызы бөлек, тарихи рөлі жоғары екенін атап өтті.

Қылмыс • 15 Ақпан, 2024

Білім саласындағы былық

Биыл 7 ақпанда Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б.Ибрагимовке, бас бухгалтері К.Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сұхбат • 15 Ақпан, 2024

Лара АЛЕЙШО: Қазақ тілінде жаңа ән жазғым келеді

Бұл әнші қыз елімізге ең алғаш рет Димаштың «Ұмы­тыл­мас күн» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындап танымал болды. Португалиялық Лара Алейшо сол кезден бері бірнеше қазақ әніне кавер жасап, тіпті елімізде өткен «Voice оf Nur-Sultan» және «Voice of Turan 2023» фестивальдарына да қатысты. Бүгінде YouTube-та оның орындаған «Дудар-ай», «Таптым-ау сені» әндері көп көрілім жинады. Біз қазақ музыкасына аңсары ауған шетелдік әншіге хабарласып, сұрағымызды қойдық.

Құқық • 14 Ақпан, 2024

Зорлықты тыятын заңнама жетілдіріледі

Жыл сайын елімізде 300-ге жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады. Оның ішінде шамамен 80 әйел жанжалқой күйеуінің қолынан қаза табады екен. Құзырлы органдарға күніне 300-дей адамнан тұрмыстық қоқан-лоқыға байланысты көмек сұраған қоңырау түседі. Бұның бәрі бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған проблеманың таралу ауқымын аңғартса керек.

Байқау • 13 Ақпан, 2024

Дубайдағы табыс

Ішкі істер министрлігі «Сұңқар» арнайы жасағының жауынгерлері Дубайда өткен «THE UAE SWAT Challenge» турнирінде бес күн бойы бақ сынасып, тамаша нәтиже көрсетті.

Қоғам • 12 Ақпан, 2024

Алименттен қашқан әке

Қоғамда ажырасу оқиғаларының көбеюімен алимент төлеушілер қатары да артып келеді. «Алимент төлеуге міндеттілер» деген дұрыс шығар. Өйткені міндетті болғанымен, олардың бәрі бірдей «төлеуші» емес. Сондықтан проку­ра­тура қызметкерлері алименттен қашқан­дарды анықтап, заң аясында күштеп төлеттіруге мәжбүр.

Үкімет • 12 Ақпан, 2024

Заңнамалық қолдау көрсетеді

Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының депутаттары Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына жан-жақты заңнамалық қолдау көрсетіп келеді. Фракция жиналысында парламентшілер алдында тұрған жаңа міндеттерді талқыға салды.

Сұхбат • 11 Ақпан, 2024

Бақытбек Смағұл: Ауған ардагерлеріне ерекше көзқарас қажет

15 ақпанда кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шыға­рылғанына 35 жыл толады. Ауған тарапының көмек сұрауына байланысты КСРО басшылығының шешімімен 1979-1989 жылдары бұл елге кеңес жауынгерлері жіберіліп тұрды. Солардың қатарында қазақ сарбаздары да сын сағатта антына адалдық танытып, майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетті. Осы датаға орай біз Ауған соғысының ар­дагері, белгілі қоғам қайраткері, «Qazaqstan Ardagerleri» қауым­дастығының төрағасы Бақытбек Смағұлды әңгімеге тартқан едік.