
Инфрақұрылым • 18 Тамыз, 2023
Қолайлы инфрақұрылым, жайлы шаһар
Жыл өткен сайын ортасы толып, құлашы кеңге жайылған Астананың даму динамикасы бір сәт те баяулаған емес. Тіпті осынау қарқынды үдерістің әсерінен елорданың бастапқы Бас жоспарына бір емес, бірнеше мәрте (2001, 2011, 2016 жылдары) түзету енгізілді. Биыл Мемлекет басшысының елорданы одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын жіті назарға ала отырып, қаланың 2035 жылға дейінгі Бас жоспары түзіліп жатыр.
Халық • 18 Тамыз, 2023
«Халық» Маңғыстау өңіріне қолдау көрсетеді
«Халық» жеке қайырымдылық қорының атқарушы директоры Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, ынтымақтастық туралы меморандум Маңғыстау өңіріндегі әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталған.
Экономика • 17 Тамыз, 2023
Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньжэнь қаласының 200-ден аса кәсіпкері қазақ-қытай бірінші бизнес форумына қатысты. Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін болашақ қытайлық инвесторларды жинады.
Саясат • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан – Қытай: Тиімді серіктестік
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің ҚХР-ға жұмыс сапары ең ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласынан басталды. Мұнда «Global Fortune» 500 әлемдік рейтингіне кіретін 10 қытайлық компанияның кеңселері орналасқан. Онда осы тізімге кіретін екі конгломерат – «Amer International Group және Huawei technologies» басшылығымен кездесу өтті.
Үкімет • 11 Тамыз, 2023
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолын тездетіп жөндеуді тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Бұқара – Орал» магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен, «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысты.
Қаржы • 10 Тамыз, 2023
Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға шаққанда 445,89-ға дейін, яғни 1,4%-ға нығайды. Жалпы, бұл ай ұлттық валюта үшін позитивті болды. Нығаю үрдісіне мұнайға белгіленген бағаның өсуі және бейрезиденттер қаражатының мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуы әсер етті.
Туризм • 09 Тамыз, 2023
Әр мемлекеттің туристерге тартымды шырайлы шаһары болады. Елдің атын жаһанға жаятын да – осындай қонағы арылмайтын меймандос қалалар. Біздің елдің мысалында мұндай қала – Алматы. Биылдың өзінде шетелдік туристердің басым бөлігі, яғни 30%-ы Алматыға қыдырып келіпті.
Бизнес • 08 Тамыз, 2023
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы маман тапшылығы мәселесі қашаннан өзекті болып тұр. Бұл ретте Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өңдеу өнеркәсібі, білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңестерінің бірлескен отырысы барысында техникалық кәсіп мамандарын даярлау мәселесі талқыланды.
Медицина • 31 Шілде, 2023
Медициналық көмектің мүмкіндігі артты
Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың тиімділігі негізінен медициналық көмекті ұйымдастыру деңгейінен байқалады. Тиісінше, бұл салаға қатысты азаматтар тарапынан қойылатын талап-тілек те толастамайды. Сондықтан көпшіліктің үдесінен шығу үшін аталған қызметті көрсету сапасын жақсартуға барынша көңіл бөлініп жатыр.
Медицина • 28 Шілде, 2023
Медицинадағы тың бастамаларды байыптаған конференция
Астана қаласында тәжірибе алмасу мақсатында Ресей, БАӘ, Қытай, Түркия және Германиядан келген шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Травматология мен ортопедиядағы инновациялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция басталды. Айтулы іс-шараның ашылуына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.