Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1947 материал табылды

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025

Қызылордада учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралады

«Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» қағидатын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралап, 205 саяжай мен 285 шаруа қожалықтарын тексерді, деп жазады Egemen.kz.

Шаруашылық • 10 Қыркүйек, 2025

Сыр күрішіне орақ түсті

Жалағаш ауданындағы Жүргенов ауылында «Дала күні – 2025» іс-шарасы өтіп, онда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Су ресурс­тары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов күрішке ал­ғашқы орақ салу рәсіміне қатыс­ты. Ел несібесінің қамбаға құйылар сәті бастау алған жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көр­месі ұйымдастырылып, еңбек­кер жұрттың тыныс-тіршілігін бей­нелейтін қойылымдар көр­се­тілді.

Жәдігер • 06 Қыркүйек, 2025

Мүсірәлі пірдің асасы

Қызылорда облыстық-өлкетану музейінің қызметкерлері аудандарды аралап, ел арасындағы мұраларды түгендеп, музейді құнды жәдігерлермен толықтырып жүр. Осындай еңбектің арқасында жуырда XVII-XVIII ғасырларда үш жүздің пірі болған белгілі діни қайраткер Мүсірәлі Жәдікұлына арналып соғылған асатаяқ залдан орын тепті.

Көрме • 05 Қыркүйек, 2025

Туған жер табиғатын бейнелеген

Қызылордадағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты отбасылық шығармашылық көрмесі ашылды.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025

Қызылордада жыл басынан бері 25 адам суға кеткен

Жыл басталғалы бері облыстың су айдындарында 25 адам ажал құшыпты. Шомылу маусымының жабылуына орай брифинг өткізген облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025

Мемлекет қазынасы мақсатты жұмсалуға тиіс

Қызылордада әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселесі талқыланған республикалық семинар-кеңес өтті. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев қатысқан жиында Сыр өңірінің мемлекет қаражатын тиімді пайдаланудағы тәжірибесі республикаға үлгі ретінде ұсынылғаны айтылды.

Мектеп • 30 Тамыз, 2025

Аралда ашылған мектептер

Жаңа оқу жылы қарсаңында Арал ауданының Тоқабай ауылында 100 орындық мектеп ашылды. Бұрынғы білім ошағы апаттық жағдайға жетіп, ауылдықтарды алаңдатқалы біраз болып еді. Байырғы жұрттағы осы мәселе талқыға түскен тұста ауылдағы білім ошағы демеушілік есебінен салынатыны туралы байлам жасалған. Былтыр негізгі оқу корпусы салынып, жақында құрылыс толық аяқталды. Енді Тоқабайдағы оқушылар мәжіліс залы, кітапханасы мен асханасы, спорт залы бар мектепте білім алады.

Мәселе • 22 Тамыз, 2025

«Күрішті көбейтеміз» деп Аралды құрғатып алмаймыз ба?

Жыл сайын су тапшылығын сезініп, әр көктемде Сырдарияның арнасын бағатын диқандар биыл тығырыққа тіреліп отыр. Әр маусымда күріш көлемін азайтып, егінге жаңа технология енгізіп амалдайтын егіншілер осы жылы еккенін кезекпен суарып, қашыртқы суды да қажетке жаратуға көшкен.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2025

Сырдағы бастамаларға жоғары баға берді

Қызылордаға Жамбыл облысындағы Меркі ауданының өкілдері келіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Жамбылдықтармен жүздесуде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңіраралық байланыстарды артты­руға әрдайым дайын екенін айтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне тоқталды.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2025

Қызылордада қайтарылған активтер есебінен бірнеше нысан салынып жатыр

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен  білім, денсаулық сақтау және спорт салаларында жаңа нысандар  салу Қызылорда облысында да жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика