
Айтыс • 27 Мамыр, 2025
Биыл Қызылорданың ел астанасы атанғанына 100 жыл толып отыр. Қай заманда да қазаққа құтты ұя болған байырғы мекенде атаулы жылға байланысты іс-шара жүйелі ұйымдастырылып келеді. Қаладағы «Өнер орталығында» өткен «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы да «қазақ» атауын қайтарған қасиетті төрдегі тойға арналды.
Жәдігер • 27 Мамыр, 2025
Серәлі балуанның саптама етігі
Облыстық тарихи өлкетану музейіндегі жәдігерлер қатарына бір ғасыр бұрын тігілген саптама етік қосылды. Бұл құнды дүниенің иесі кезінде белдескеннің бәрін жыққан атақты балуан Серәлі Дүйсенұлы болған деседі. ХІХ ғасыр соңында дүниеге келген балуанға етікті өз заманының айтулы қайраткері, Қаракөл-Қуаңдария болысын басқарған атақты Қара Жүргенұлы сыйлапты.
Есірткі • 26 Мамыр, 2025
Қызылордада есірткі жарнамалары жойылды
Қызылордада полиция мен қоғамдық белсенділер есірткі жарнамасы бар граффитиді жою үшін акция өткізді.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Аралда шегірткеге қарсы улау жұмысы күшейтілді
Әлеуметтік желіде Арал ауданы Қарақұм ауылдық округін шегіртке қаптағаны жайлы видео жарияланды. Бейнеүзіктен шегіртке шеруінің біраз аумақты басып алғаны анық байқалып тұр. Осыған байланысты облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасына хабарластық.
Медицина • 23 Мамыр, 2025
Мейіргер қызметінің маңызы зор
Қызылордада «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Заң мен Тәртіп • 22 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 11 мыңға жуық жүргізуші құқық бұзған
Облыс көлемінде ағымдағы 19 сәуір -19 мамыр аралығында өткен «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде мектептер мен білім беру ұйымдарында 300-ге жуық семинар өткізіліп, барлық аудандарда оқушылар арасында «Қозғалыстың жас инспекторлары» жасақтарының слеті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Сыр бойынан солтүстікке көш келеді
Еліміздегі еңбек күшін реттеу мақсатында оңтүстіктен тұрғындарының қатары сиреген солтүстік пен шығыс өңірлерге қоныс аудару бағдарламасының жүзеге асып жатқанына да бірнеше жылдың жүзі ауды. Осы бағдарлама аясында жаңа қонысқа тұрақтап қалғандар қатары да аз емес. Биыл да Сырға солтүстіктен мамандар келіп, бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.
Қылмыс • 20 Мамыр, 2025
Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар құқық бұзған
Пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға мүмкіндік беретін электронды білезіктер тиімділігін көрсетіп отыр.
Төтенше жағдай • 20 Мамыр, 2025
Қызылордада полицейлер екі адамды өрттен құтқарды
Қызылордада патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азамат Қадыров пен Сүлеймен Камалов аяқ асты шыққан өрттен екі адамды құтқарып қалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 313 мал иесі жауапкершілікке тартылды
Күре жолға шығып кеткен мал талай апаттың себебі болып отырғаны жасырын емес. Жыл басынан бері облыс аумағында осындай себеппен 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам түрлі жарақат алыпты.