Жемқорлық • Бүгін, 02:25

Қызылордада «Қазсушар» қызметкерлері қамауға алынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс прокурорлары Көкарал бөгетін нығайтуға қажетті 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегенін анықтады. «Қазсушар» РМК облыстық филиалын тексеру барысында қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада «Қазсушар» қызметкерлері қамауға алынды

Осындай заңсыз әрекет салдарынан мемлекетке 188 млн теңгеден астам шығын келген. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Сот санкциясымен «Қазсушар» РМК филиалының бес лауазымды қызметкері мен бас мердігер қамауға алынды.

Облыстың арнайы прокурорлары тергеген іс қазір сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар