
«Таза Қазақстан» • 12 Қазан, 2024
Көше кеңейіп, субұрқақ көбейді
Қазір Қызылордаға сырттан келгендерді ең әуелі қаланың тазалығы қайран қалдырады. Кең көшелер, тап-тұйнақтай парктер мен скверлер, балаларға арналған ойын алаңдары бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелі екенін көрсетіп тұр. Облыс орталығымен қатар, аудандар мен ауылдар да тазалыққа мән беріп, өңірде ауылдың ажарын айшықтайтын «Үлгілі елді мекен» байқауы қолға алынды. Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, жұртты қоршаған орта жағдайын жақсартуға жұмылдыруға негіз болды.
Аймақтар • 11 Қазан, 2024
«IT TERGEU» жобасы: 5 азаматты алдаған интернет – алаяқ ұсталды
Қызылорда облысының Полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жүргізген жедел шара барысында жиһаз сататын дүкеннің жалған жарнамасы арқылы бірнеше рет алаяқтық қылмыс жасаған 30 жастағы басқа облыстың тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 09 Қазан, 2024
Қызылорда облысында бірнеше үйді тонаған ұры қолға түсті
Қызылорда облысы Қазалы ауданынының бірнеше тұрғыны полиция бөліміне үйлерінің тоналғандығы жөнінде арызданыпты. Күдікті иелерінің үйде жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы еніп, ақша мен алтын бұйымдарды қолды еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 08 Қазан, 2024
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлер қатарына Түгіскен көсемі мен Жетіасар мәдениеті ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақсүйек әйел реконструкциялары қосылды. Осыған орай ұйымдастырылған «Тұранның алтын жауһарлары» атты іс-шарада облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев өңірдегі тарихи-мәдени эволюцияның дефинациясын музейлік реконструкциялар арқылы көрсету тәжірибесі туралы айтты. Құнды мұраны қалыпқа келтіруде Ресейдің мемлекеттік тарих музейі қоры мен Миклухо-Маклай атындағы Антропология және этнология институтында сақталған жәдігерлер пайдаланылыпты.
Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
Қызылордалықтар ел энергетикасының болашағы айқындалар сәтте 380 референдум учаскесінде дауыс берді. Бұлардың 126-сы – облыс орталығында, қалғаны аудандарда орналасқан. Осы учаскелердің алтауында дауыс беру таңғы сағат 6.00-ден басталды. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердегі дауыс берушілер елден бұрын таңдау жасап, тірлігіне асықты.
Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024
Байқоңыр қаласының тұрғындары ел болашағы үшін маңызды кезеңде белсенділік танытып, дауыс беруге үздіксіз келіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Ғасыр жасаған майдангер дауыс берді
Қызылорда облысындағы 500 мыңға жуық дауыс берушінің алғашқы легінде 103 жастағы майдангер Яхия Тасыров өз таңдауын жасады. Саяси оқиғалардан сырт қалмайтын соғыс ардагері бірлік әрқашан маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 05 Қазан, 2024
«Полифосфат – экологиялық таза тыңайтқыш»
Ғалым Хасый Жамантіков экологиялық тазалықты сақтау мәселесін бұрыннан айтып жүр. Ауыл шаруашылығы ғылымдары докторының бірегей ұсынысы – күріш егісіндегі топырақ экологиясын сауықтырып, «жасыл экономика» жүйесі арқылы органикалық егіншілікке көшу жайы. Жақында білікті маманмен сұхбаттасып, көкейдегі көп ойды нақтылаудың орайы келді.
Аймақтар • 02 Қазан, 2024
Қызылордада «Тілдегі өзгерістер: тіл үйретудегі отандық әдістеме» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Өңірдегі тілдерді оқыту орталығының 15 жылдығына орай тілге қатысты өзекті мәселелерді талқыға салған жиынды облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы орталықтар басшылары, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.
Аймақтар • 02 Қазан, 2024
Қызылорда қаласының іргесінде Бесарық атты берекелі ауыл бар. Сырдария ауданына қарасты бұл елді мекен соңғы жылдары түрленіп, көрген жұртты таңдай қақтыратын кейіпке енді. «Абай-Дәулет» серіктестігі инвестор болған Бесарықта кәсіпкер де, жаңа өндіріс нысаны да көп.