
Талбесік • 14 Тамыз, 2024
Елімізде табиғат байлығын қорғауға бағытталған «Сұңқар» акциясы басталды. 1 тамыз бен 31 қазан аралығын қамтитын акция аясында еліміздің оңтүстігі мен шығысындағы таулы аймақтарды мекен ететін ақсұңқар, ителгі, лашын секілді сирек кездесетін құстарды заңсыз аулау әрекетінің жолын кесу күшейе түседі.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2024
Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
Суға шомылу маусымы басталғаннан-ақ онсыз да жұмысы қауырт құтқарушылар тыным таппай кетеді. Су жағалап, жұртты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, айдында рейд жүргізеді. Әйтеуір тілсіз жаудың құрбандарының қатарын көбейтпеуге барын салады. Бірақ ескертуді елеп жатқандар аз. Салдарынан жыл басынан бері он шақты адам суға кетті. Олардың қатарында бой жетпейтін тереңге байқамай қойып кетіп, қайтып шыға алмай қалған балалар да бар.
Ауыл • 17 Шілде, 2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға арналған мәжіліс өтіп, жиынға Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов, «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері мен ауыл шаруашылығы мекемелерінің жетекшілері қатысты. Мәжілісте азаматтарды жұмыспен қамту, ауыл ахуалын көтеруге арналған жобаның жай-жапсары талқыланды.
Білім • 11 Шілде, 2024
Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы бері Қармақшы ауданындағы №121 мектеп оқушысы Мақсат Қуанышбек пен Жаңақорғандағы №54 мектеп түлегі Аружан Шазат 136 балл иесі атанып, білім бәйгесіндегі алғашқы орында тұрған еді. Сынақтың аяқталуына 1 күн қалғанда Қазалы ауданында ең жоғары ұпай тіркелді. Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі №204 мектептің түлегі Нұрболат Жұбатқан 139 балл жинады.
Аймақтар • 04 Шілде, 2024
Кіші Аралдың айдыны толғалы бері теңізде аудандағылардың ата кәсібі – балық шаруашылығы жанданып, қазір су маржанын сүзгендер өнімін бірнеше шет мемлекетке экспортқа жіберіп отыр. Одан бөлек, соңғы жылдары саланы дамытуға арналған бастама аясында тоған шаруашылығын құрып, тауарлы балық өндірісіне ден қойғандар көп. Тұқы балық өсіретін осындай шаруашылық Арал ауданында жұмысын бастады.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Ауыл кәсібін серпілтетін бастама
Мәжіліс депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, кәсібін бастаған Сыр елінің бірқатар азаматымен кездесіп, өндіріс орындарын аралады.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде биыл көктемде «Жанкент Агро» күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Құны жарты млрд теңгеден асатын жобаның 155,2 млн теңгесі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан бөлінсе, қалғанына серіктестік өз қаражатын жұмсапты. Қазір мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, зауыт жылына 5 мың тонна күріш өңдейді. Серіктестік директоры Әнуар Абыхановтың айтуынша, өнім өзімізден бөлек Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне экспортталып жатыр.
Өндіріс • 28 Маусым, 2024
Тойхана тігін фабрикасына айналды
Осы күні Қызылордадағы «Dalatex» тігін фабрикасының өнімі елімізге де, шетелдерге де кеңінен танымал. Кәсіпкер Дінмұхамед Абызов басқаратын өндіріс орны ісін бастаған 8 жылда талай жолдан өтті.
«Таза Қазақстан» • 27 Маусым, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында Сыр бойында 8 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 24 мыңнан астам аула мен көше бойы тазартылды. Өңір климатын «жатсынбайтын» ағаш көшеттерінің 130 мыңға жуығы егілді.