
Туристердің Сырдағы сапары Арал қаласынан басталды. Экспедиция мүшелері аудан орталығындағы «Балықшылар аллеясын» тамашалап, Арал теңізі туралы құнды деректермен танысты. Одан кейін XIX ғасырдағы орыс сәулет өнері үлгісінде салынған «Балықшылар музейіне» барды. Бұл музейде «Балықшылар», «Кемелер» залы және ашық аспан астындағы музей көрмесі ұйымдастырылған.
Экспедиция Шижаға елді мекеніндегі құмды төбелер мен өңірдегі бірегей демалыс аймағы саналатын Қамбаш көлінде жалғасты.
Алда олар Байқоңыр қаласын аралап, Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешені мен Қызылорда қаласындағы бірнеше мәдени-спорттық нысандарда болады.