Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1824 материал табылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 03 Қыркүйек, 2024

«Бірлік керуені» Астанаға жол тартты

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары басталатын күн таяп қалды. Этностық спорт түрлерінен өтетін дүниежүзілік додаға әр ай­мақтан қатысатындардың да қатары көп. Көшпелі жұрт өрке­ниетін қайта жаңғыртуды көздеген ойында Сыр өңірі атынан сынға түсетіндер Астанаға жол тартты.

Білім • 03 Қыркүйек, 2024

Сыр бойы студенттері жатақханадан тарықпайды

Жаңа оқу жылы қарсаңында жаз бойы жайма-шуақ жатқан шаһарда абыр-сабыр тіршілік басталады. Өйткені қаздай тізіліп, мектепке бет алған оқушылар мен топтасқан студенттер тағы бір оқу жылының бастау алғанын білдіреді. Осындай сәтте бір үйдің үмітін арқалап, қалаға жеткен жас­тарды ойландыратын басты мәселе – жатақхана екені рас.

Өндіріс • 03 Қыркүйек, 2024

Сапалы өнімге сұраныс көп

Осыдан 10-15 жылдай бұрын құрылыс қыза түсетін жаз айларында қажетті материал іздеп табанынан таусылып жүргендерді жиі байқайтынбыз. Қазір оның бәрі ұмытылды. Баспана салдырғандар бұрынғыдай тапқанын таси бермей, материалдың сапасына ден қоя бастады. Осы күні Сырда үйдің іргетасын қалап, ауласына бетон құйғызатындардың көбі құрылыс дүкеніне барса алдымен жергілікті «Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС шығаратын тампонажды цементті іздейді.

Білім • 29 Тамыз, 2024

Сырдағы жасанды интеллект мектебі

Былтыр Сырдағы жоғары білім саласында айта қаларлықтай жаңалық болды. Аймақтағы білімнің қара шаңырағы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті «Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университет» жобасы аясында жасанды интеллект мектебін ашты. Жетіжылдық жоба шеңберіндегі оқу үдерісі үш бағыт бойынша жүреді.

Жоба • 29 Тамыз, 2024

«Кәсіпкерлер» келтірген кедергі

Қызылорда облыстық прокуратурасы азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алатын «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасын бастап кетті. Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған бастаманың ­таныстырылуында прокурорлар жүргізілген талдау нәтижелерін жария етті.

Аймақтар • 29 Тамыз, 2024

Ел игілігіне елу пәтер берілді

Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бюджет есебінен сатып алынған 50 пәтердің кілті табысталды. Қармақшылықтар қуанышына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2024

Қайырымдылықтан қалыс қалмады

Қала мен аудандарда жыл сайын жаңа оқу жы­лы қарсаңында ұйым­дас­ты­рылатын «Мектепке жол» акциясы өтіп, балаларды қуантуға асыққан де­меушілер тарапынан көмек көр­сетіліп жатыр.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2024

Қызылордада пәтер ұрлығының 12 дерегі ашылды

Облыс көлемінде өткізілген «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бұрын жасалған пәтер ұрлықтарының 12 дерегі ашылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 22 Тамыз, 2024

Шаруасы ширақ шыны зауыты

Қызылордада «Orda Glass LTD» ЖШС-ның шыны зауыты тұрақты жұмыс істеп келеді. Осыдан екі жыл бұрын іске қосылған зауыт аз уақыт ішінде қуатты кәсіпорынға айналды. Серіктестік биылғы маусым айынан бастап энергия үнемдейтін шыны шығара бастады. Осылайша, қызылордалық зауыт мұндай өндірісті қолға алған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз кәсіпорын болып отыр. Бұл әйнектер күн сәулесінен жылу алып, оны бойында сақтайды.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2024

Сыр күріші – ел ырысы

Қызылордада «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинар өтті. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент депутаттары, ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысқан семинарда саладағы озық тәжірибелер мен өзекті мәселелер талқыланды.