Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Жүз баланың 100 жылдыққа тартуы
Жыл сайын күзде аталып өтетін «Қала күні» мерекесіне биыл ерекше мән берілді. Орталық алаңмен қатар облыс орталығына қарасты ауылдарда да өтіп жатқан мерекелік шаралар Қызылорда қаласының астана атанғанына 100 жыл толуына арналып отыр.
Мәдениет • 15 Қазан, 2025
Сырда «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өтіп, байырғы жұртта түркінің көне сазы жетінші мәрте қалықтады. Түркия, Тыва, Алтай, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен елімізден жиылған 200-ге жуық өнерпаздың басын қосқан дәстүрлі өнер мерекесін «Тұран» этнофольклорлық ансамблі бастап берді. Облыс әкімдігі мен халықаралық «Түркі мәдениеті және мұрасы» қоры бірлесе ұйымдастырған биылғы фестиваль Қызылорданың астана атанғанына 100 жыл толуына орайластырылды.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырыла бастағалы бері ел басқаратын азаматты таңдау науқанына қатысатындар қатары көбейгені байқалады. Жұрт бойынан бұрынғыдай «менің дауысым не шешеді? Билік бәрібір өзіне ыңғайлы адамды басшы етеді», деген етекбасты енжарлық азайып келеді.
Мәселе • 08 Қазан, 2025
Қазір күре жолда көлігімен мал қағып, мертігіп қалып жатқандар көп. Алдыңдағы анық көрінетін күндізгі уақытта ештеңе емес, ал көз байлана жолға шыққандар жылдамдықты азайтып, діттеген жеріне жеткенше тежегіштен табан ажыратпай отыруға мәжбүр. Сонда да оқыс жағдайға ұрынып қалып отырғандар қатары азаяр емес. Осыны болдырмаудың барлық амалы жасалып-ақ жатыр, бірақ елдегілердің «ауыл маңында мал жаятын жер жоқ» деген уәжі де ойландырмай қоймайды.
Аймақтар • 07 Қазан, 2025
Жаңа стадион – ел спортының мерейі
Футболдан ел кубогінің финалдық ойыны Қызылордада ашылған 11 мың орындық жаңа стадионда өтті. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын жаңа спорттық кешен халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда футбол алаңы ғана емес, олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс, күрес, фитнес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика залдары тұрғындарға қызмет етеді. Сонымен қатар нысанда дүкендер мен дәмханалар да бар.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2025
Қызылордадағы Өнер орталығында «Жүйелі қайырымдылық: Тұрақтылық, серіктестік, мұра» тақырыбында IV Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына» орай ұйымдастырылып, облыс аумағында тазалық жұмысы жалғасын тапты.
Тағзым • 23 Қыркүйек, 2025
Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері марқұм Жақсылық Рахматулланың туғанына 80 жыл толуына орай ғылыми-танымдық конференция өтті. Ұзақ жыл баспасөз саласында қызмет еткен қаламгердің «Алыстай берген аяулым», «Өмір самалы», «Болашаққа сенім», «Ғұмырдария», «Жібек жолындағы жұлдыздар», «Сағым жылдар», «Кие», «Хикаяттар», «Дала толғауы» «Меңсұлу», «Қызғалдақ қалың шыққан жыл» шығармалары – оқырманнан өз бағасын алған туындылар.
Фармацевтика • 13 Қыркүйек, 2025
Биологиялық белсенді қоспаның нәтижесі қандай?
Қазір теледидар-радионы қосып қалсаң, әлеуметтік желіні ашып қалсаң да, белсенді биологиялық қоспалардың (ББҚ) жарнамасы алдыңнан шығады. Жарнамаға сеніп, дертіне дауа іздегендер мен артық салмақтан арылғысы келгендер сол не дәрі емес, дәріден әрі емес қоспаларды сатып алып жатады. Бірақ ем іздеймін деп, дерт жамап алатындар да жоқ емес. Бұл белсенді қоспаны да байқап ішу керектігін аңғартып тұр.
Еңбек • 12 Қыркүйек, 2025
Жастарға жұмыссыздық сылтау емес
Бүгінгі буынның арасында бейнеттен қашпайтындар да бар екен. Осыдан 6 жыл бұрын Сырдария ауданында 15 жұмыссыз жас бірігіп бригада құрғанын естігенбіз. Әуелгіде «Басы таудай, аяғы қылдай шаруаның бірі болар. Жарнамасы жарқылдаған бастаманың аңдысын аңдиық» деген де ой болғаны рас.