
Еңбек • 06 Желтоқсан, 2023
Меңдіқара ауданында құрғақ саумал өндіретін техникалық ферма іске қосылды. «S-Agro-Borovskoe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта сауын биелердің санын мыңға жеткізіп, жылдық өнім көлемін 40 тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.
Руханият • 30 Қараша, 2023
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында ақын Төленді Арыстанбекұлының Алматыдағы «Аrshyn» баспасынан шыққан «Тобылдың толқындары» атты таңдамалы жыр жинағының тұсаукесері өтті. Кеш шымылдығы саналы ғұмырын экономика мен аудит саласына арнай жүріп, артында өнегелі сөз, салиқалы ұрпақ қалдырған, Тобыл-Торғай өңіріне есімі етене таныс қайраткер тұлға туралы шағын бейнефильммен ашылды.
Зерде • 29 Қараша, 2023
Жітіқара өңірі бағзы тарихтың талай сырын бүгіп жатқаны анық. Өлкетанушы ғалымдар ежелгі Арқайым қалашығымен шектесетін Жітіқара маңында көне өркениеттің ізі бар екенін, сондықтан жүйелі археологиялық зерттеу жұмыстарына сұранып-ақ тұрғанын айтады. Мәселен, осы өңірдегі Жалтыркөлдің жағасында кезінде көшпелілердің көне моншасы болған деседі. Өлке тарихының білгірі, ардагер журналист Қуаныш Орманов ағамыз – осы моншаға түсіп көрген адам.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
«Iqostanay» смарт-орталығында дарынды шәкірттердің қарым-қабілетін ұштауға, баланың жаны қалаған ғылым саласына ден қойып, өнер үйренуіне қажеттің көбі табылады. Құны 11,3 млрд теңге болатын қосымша білім беру орталығының іргетасы былтыр қаланған. Содан бергі бір жылдан аса уақыт ішінде құрылысы толық аяқталып, балалардың игілігіне беріліп отыр.
Мирас • 22 Қараша, 2023
Ұлттық өнерге жаңаша реңк үстеп, боялған қой жүнінен қазақы нақыштағы көзайым көркемсурет туындыларын жасап жүрген Аңқауовтар отбасын бүгінде бүкіл Қостанай жұртшылығы жақсы біледі. Ағайынды төрт жігіттің төртеуі де тумысынан сирек кездесетін айықпас дертке шалдыққан. Аяқ-буындары ауырады. Соған қарамастан, таяққа таянып жүріп, ұлттық қолөнерді насихаттаудан танбай, оған қоса, талай жас талапкерді қолөнерге баулып жүрген қайыс мінез қайсар жандардың өнері мен өмірге деген құштарлығы жан сүйсінтеді.
Отбасы • 21 Қараша, 2023
Сырттай тым жұпыны көрінетін сегіз үйлі Сәт ауылының адамдары жаздай бие байлап, сиыр сауып, төрт түліктен түскен табиғи таза өнімді табыс көзіне айналдырып отыр. Амангелдіден Қостанай, Арқалық, Астанаға қарай шығатын күре жолдың бойында жатқандықтан, әрі-бері ағылған автокөліктің көбі жолшыбай осы ауылға соғып, бал қымызын, жұмсақ құрт, сары май, қою қаймағы мен тәтті ірімшігін ала кетеді.
Өндіріс • 20 Қараша, 2023
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу саласы жақсы дамыған Қостанай облысы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мол үлес қосып отырған өңірдің бірі. Облыс республика көлемінде ұн өндірісі бойынша бірінші, сүт және қою кілегей, йогурт өндірісі бойынша екінші, макарон, жарма өндіру саласында үшінші орында тұр.
Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Қараталға қарайласпай болмас...
Меңдіқара ауданындағы Қарақоға ауылдық округі ресми түрде осылай аталғанымен, халық жадына Қаратал деген атаумен мықтап бекіген. Қаратал өңірі Ресейдің Қорған облысымен шектеседі. Екі аралықты Тобыл өзені бөліп жатыр. Бұл өңірдегі 7 елді мекенде кезінде 5 мыңнан астам халық бар еді. Қазір содан қалған 4 ауылда 900-ге жетер-жетпес адам отыр. Бұл үрдіске тоқтау болмаса, ұлт ғылымына Манаш Қозыбаев, Оразақ Смағұлұлы сынды мықтыларды берген құйқалы өңір Қараталдағы бірнеше қазақы ауылда он шақты жылдан кейін адам қалмауы мүмкін.
Теңге • 16 Қараша, 2023
1993 жылдың 15 қарашасында әріптесім әрі досым Фархат Юсупов екеуміз Ұзынкөл ауданында іссапарда жүр едік. Қалта толы қобыраған сабан ақшаны айырбастағанымызда, қолымызға азғантай-ақ теңге түсті. Көне тарихтың қойнауынан қайта тіріліп келіп, бір күннің ішінде бүтін елге етене болып кеткен төл теңгемізді әрі-бері аударыстырып, қызықтап көп тұрдық. Қостанайға жетісімен бірден кітап дүкеніне бас сұқтық. Жеті тиынға жеті кітап сатып алып, жерден жеті қоян тапқандай қуанғанымыз әлі есімде.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Қостанайда Ұлттық валютаның 30 жылдығы мен Қаржыгерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынның мінберінен теңге айналымға ене бастаған жылдары атқарылған қыруар еңбек, содан бері еңсерілген белестер жайында қызықты естеліктер айтылды. Өңірлік қаржы және банк саласына еңбегі сіңген майталман мамандардың мерейі өсіп, атаулы марапаттарға ие болды.