Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1666 материал табылды

Қоғам • 25 Қазан, 2024

«Алтын бесік» әдептілікке тәрбиелейді

Әулиекөл ауылында 280 балаға арналған заманауи балабақша пайдалануға берілді. Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мұғалімдік қызмет атқарып, бала оқытқан шежірелі мекенде халық санының өсімі жоғары. Бұған дейін мұндағы екі балабақша ауыл балаларын сыйдыра алмай, тұрғындар ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр болып келген. Ел қуанышын еселеген үлкен балабақшаға аудандық білім бөлімінде кезекте тұрған балалар түгелдей қабылданды.

Қоғам • 24 Қазан, 2024

Қарасөздің жүйріктері

Қостанайда мемлекеттік қызметшілер аптасына бір рет Абайдың қара­сөздерінен дәріс тыңдап, білген-түйгендерін талқыға салуды дәстүрге айнал­дырған. Челлендж түріндегі дәріс сабақтарын мемлекеттік қыз­метшілер мен өңірге белгілі қоғам белсенділері кезектесіп өткізіп жатыр.

Аймақтар • 19 Қазан, 2024

«Құтқарушылар аллеясы» ашылды

Қостанайдағы О.Қозыбаев пен Ю.Журавлева көшелерінің түйіскен тұсындағы ашық алаңқай облыстық Төтенше жағдай департаментінің қа­рауына бекітілген еді. Осы алаң­қайды жаздай құтқару­шы­лардың өздері көгалдандырып, әп-әдемі демалыс орны етіп жасап қойды. Аталған аллея Құтқарушылар күні қарсаңында ашылып, төтеннен туындаған қауіпті сәттерде басын қатерге тік­кендерді еске алған жиын өтті.

Аймақтар • 19 Қазан, 2024

«Қостанай жастары» бағдарламасы іске қосылды

2022 жылы қанатқақты жоба ретінде басталған «Қостанай жас­­тары» тұрғын үй бағдарламасы аясында бүгінге дейін өңір­де 200-ден аса жас отбасы баспаналы болды. Биыл үшінші рет іске­ қо­­­сыл­ған бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін облыс­ әкім­­ді­гі мен «От­басы банк» 2 млрд 100 млн теңге қаржы бөліп отыр.

Бизнес • 15 Қазан, 2024

Әлеуметтік бизнестің әлеуеті зор

Өңірде бизнесті дамыту­ға арналған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана білген кәсіпорындар баршылық. Олар жеңілде­тіл­ген шарттармен несие рәсімдеп, кәсіптерін кеңей­тіп, әртараптандырып, тың мүмкіндік іздеудің қа­мы­­на белсене кірісті. Кепілге мү­лік қоя алмағандарға тығы­рықтан шығар жол қарас­тырылған. Мұның бәрі елдегі шағын және орта бизнес үлесінің көбеюіне сеп.

«Таза Қазақстан» • 11 Қазан, 2024

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

Күздің жанға жайлы, шаруаға қолайлы қоңыржай күндері бүкіл облыс көлемін қамтыған сенбіліктер, экоакциялар жүріп жатыр. 8 қазанда Қостанай қаласы мен Әулиекөл, Федоров, Қарасу аудандарында саябақтар мен тұрғын үй аулалары, көшелер күзгі жапырақтардан аршылып, өзен-көл жағалаулары тазартылды.

Театр • 10 Қазан, 2024

Қостанайлық театр қара үзді

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық Қазақ драма театры Ресейдің Пермь қаласында өткен театр фестивалінен олжалы оралды.

Референдум 2024 • 08 Қазан, 2024

Астықты өңірдің сенімі

Қостанай облысының тұрғындары 720 референдум учаскесінде да­уыс берді. Әр учаскенің басында «Amanat» партиясы мен «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының байқаушылары дауыс берудің заң аясында болуын қалт етпей қадағалап отырды. Бұл күні науқанға «Дауыс» коалициясының 1 440 байқаушысы атсалысқанын айта кету керек.

Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Қостанай жастары белсенді дауыс беріп жатыр

Жақында ғана 18 жасқа толған Қостанай қаласының тұрғыны Шыңғысхан Бүркітбай №74-ші учаскеге келіп дауыс берді. Бұл сайлау учаскесіне 2316 тұрғын тіркелген.

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Медициналық орталық ашылды

Қостанай қаласының батыс шетінен бой көтерген «Әуежай» шағын ауданында қазір шамамен 12 мың адам тұрады. Бұған дейін дәрігерге кө­рінуге қаланың алыс түкпірінен орталыққа баруға мәжбүр болып келген тұр­ғындар енді жақын жерден меди­циналық қызмет алу мүмкіндігіне ие болып отыр.