Аймақтар • 31 Қаңтар, 2025
Биыл өңіріміздегі бірнеше жол жөндеу көреді. «Қарағанды- Жезқазған» бағытындағы күрежолдың да құрылысы басталады. Салынар жолдың сапасы әуелгі кезекте. Сол себепті Жол активтері ұлттық сапа орталығының жұмысы қарбалас күй кешеді. Әсіресе компанияның зертхана қызметкерлері таңның атысы, күннің батысы дамылсыз жүріп қызмет атқарады. Тақтайдай жол ұзақ жыл кәдеге жараса, онда Әсел Хасенова секілді білікті жол құрылысы инженерінің қосқан үлесі зор болмақ.
Өндіріс • 30 Қаңтар, 2025
«Polymet Solutions Corporation» ЖШС жылына 413,7 тонна футеровка өндіреді. Өнімнің осынау түрі тау-кен-металлургия кешенінің технологиялық өндірісіне пайдаланылады екен. Ел ғана емес, тіпті Орталық Азия кеңістігінде теңдесі жоқ бұл жоба өңір экономикасына серпін беріп отыр.
Шаруашылық • 16 Қаңтар, 2025
2024 жыл аймақ экономикасы үшін жемісті болды. Кейінгі 13 жылда болмаған рекордтық өнім алынды. 1 млн 300 мың тонна астық бастырылып, 409 мың тонна картоп жиналды. Қарағанды қамба толтырудан өңірлер арасында төртінші сатыға берік орнықты. Пайдаланылмаған 163 699 гектар жердің мемлекет меншігіне қайтып, 94 мың тонна өңделген өнімнің экспортталуы да – айтулы жетістік. Өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 455 млрд теңгеге жетті.
Еңбек • 14 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы осы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бағытта өндірісті өңір алдына бірқатар міндет қойды. Бастысы, жұмысшы маманның беделін арттырып, техникалық, кәсіптік білім жүйесін реформалау мақсатында жұмыс тобы құрылды, жоспар бекітілді.
Тұлға • 01 Қаңтар, 2025
Биыл зерделі ғалым, қоғам қайраткері, біртуар тұлға Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтің ғасырлық мерейтойы. Тұғыры биік тұлғаның ел деп сіңірген еңбегі, ғылым үшін атқарған жұмысы әлі де рухани азық, алтын қазық. Сондай-ақ осы жылы түркітанушы, филология ғылымдарының докторы Әуелбек Коңыратбаевтың туғанына – 120 жыл, Қазақстан ғылым академиясының академигі, тарихшы Ермұхан Бекмахановтың туғанына – 110 жыл және Ұлттық ғылым академиясының академигі, тілші Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толады.
Аймақтар • 21 Қараша, 2024
Өңірдің ауызсу мәселесі толық шешіледі
Ауылдағы ағайынға ең қажеті – жол мен су. Егер осы негізгі деген екі мәселе оң шешім тапса, онда ауылдың ажары артады, тіршілігі түзеледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету туралы Үкіметтің алдына міндет қойды. Президент пәрменінен соң Қарағанды облысында аңқасы кепкен ауыл саны азайып келеді. Бұған дейін бірнеше ауылдағы ел-жұрт қыр асып, құдыққа қауға салып, пәленбай шақырымнан су тасып келді. Енді олар алыстан арбамен су тасымайды, үйінің іргесіндегі сапалы суды тұтынады.
Руханият • 16 Қараша, 2024
Кейінгі кезеңде «Елін сүйген ерлердің» басын қосып, «ЕСЕП» партиясының белді өкілі болған ақын Бүркіт Ысқақовтың есімі ескерусіз қалған еді. Міне, жақында қайраткер қаламгердің 100 жылдығы қарсаңында туған топырағы Нұрада «Бүркіт Ысқақұлы: тұлға тағылымы мен тарихи заманы» деген атаумен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында жер-жерден жиылған ғалымдар, әдебиетшілер күрескер тұлғаның отты ғұмыры, рухты шығармашылығы жайында ой қозғады. Деректі фильм көрсетіліп, ескерткіш тақта ашылды. Ұлт күрескері жайында кітап жарық көрді.
Экономика • 06 Қараша, 2024
Ел экономикасы Мемлекет басшысы белгілеген негізгі бес басым бағытта – қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік саласындағы проблемаларды реттеу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық секторды дамыту, инновациялық, индустриялық, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жолында өрістеп келеді. Қарағанды өңірінде де экономикалық тұрғыдан өсім жоғары. Соның оң нәтижесіндей, жұмыссыздық мәселесі жүйелі шешіліп жатыр. Сөзімізге дәлел, жұмыссыздық бойынша елдегі ең төмен көрсеткіш – 4,1 пайыз осы облысқа тиесілі.
Өндіріс • 02 Қараша, 2024
Саран индустриалды аймағында орналасқан «Silk Road Electronics» тұрмыстық техника шығарумен айналысады. Жалпы ауданы 61 мың шаршы метрден астам өндіріс аймағында түрлі цех жұмыстары ретімен жолға қойылған. Оның ішінде эмальдау және ұнтақты бояу цехы, термопласт-автомат цехы секілді өндірістің негізгі күшін құрайтын аймақ бар. Кәсіпорын басшылығы жақында жаңа көбік пластик өндіру цехын іске қосуды жоспарлап отыр.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2024
Жігерлі жас жігіт Асланбек Тұрсынның құтқарушы қызметіне келгелі бір жыл болды. Оның бұл салаға келуіне әкесі әсер етіпті. Әкесі Дулат өрт сөндіру саласында ұзақ жыл қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Бала Асланбек содан бері әкесін батыр санап, ізін жалғауды ойлайды. «Әкемдей қадірлі құтқарушы боламын, ел-жұртқа пайдамды тигізіп, адал қызмет атқарамын», деген сертіне де, сеніміне де берік.