Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
197 материал табылды

Кәсіпкер • 03 Мамыр, 2025

Ағзаға пайдалы таза бал

«Бал Ара» омарташылар одағының мүшесі Дия Ержанова мен жолдасы Кәкім Ыбыраев нарыққа таза бал өнімдерін ұсынады.

Қоғам • 01 Мамыр, 2025

Атбегі Анатолий

Анатолий Гуреев есімін ауылдастары аса біле бермейді. Ал Төлеген десеңіз, Арқа атырабына танымал. Өйткені жаны да, болмысы да, жүрегі де қазақ. Шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Өзі аламанға ат қосады. Ауылына жанашыр азамат.

Көрме • 30 Сәуір, 2025

Қарқаралы суреттері

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Суретші-лер одағының мүшесі Жүрсін Балкенов туындыларын ел назарына ұсынды. «Шабыт және мұра» деп аталған көрмеге талантты суретшінің 49 картинасы ілінді.

Байқау • 26 Сәуір, 2025

Ұлы даланың үні

Қарағандыда бекзада күй өнерін дәріптеуді дәстүрге айналдырған байқау бар. Дарынды орындаушылардың басын қосып, Арқа даласын дүбірге бөлейтін биылғы Тәттімбет атындағы ІХ республикалық байқау мәреге жетті. Бұл жолғы күй жәрмеңкесі шертпе күйдің атасы Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенімен ерекшеленді.

Қоғам • 25 Сәуір, 2025

Ерекше балаларға – аудиоертегі

Көру қабілеті төмен балалар әңгіме, ерте­гілерді енді аудио­кітап арқылы тыңдай алады. «Ертегілер әлемі» атты аймақтық аудио­ертегі байқауы жүл­дегерлерінің аудио нұсқадағы шығар­малары таспаға басылып, тарту-таралғы ретінде кәдеге жарайтын болады. Мұнымен қоса, Қарағанды об­лыстық зағип және нашар көретін азамат­тарға арналған кітап­хананың ресми сайтына, «YouTube» әлеу­меттік желісіне жүк­теледі.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2025

Балаларға арналған «Базарлық»

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында ­балалар әдебиеті апталығы жазушы Төкен Әлжантегі­мен өткен кездесуден басталды. Баспадан жақында ғана шыққан «Базарлық» атты жас оқырмандарға арналған кітаптың тұсауы кесілді.

Еңбек • 18 Сәуір, 2025

Ауыр жұмыстағы арулар

Бойындағы нәзіктігін болаттай мықтылыққа ұштастырып, ауыр жұмыстың жүгін арқалап жүрген аруларымыз да бар. Өндірісі өркендеген өңірде де жұмысшы қыздардың үлесі әжептәуір. Шахтаға түсіп, кен қазып, домна пешінде болат балқытып, ауыр техника жүргізген қыз-келіншектердің қажыр-қайратына қалай таң қалмаймыз? Бір қолымен шаңырағының отын жағып, бір қолымен қара еңбектің қазанын қайнатқан олардың қай-қайсысы да мақтауға лайық.

Ән • 18 Сәуір, 2025

«Атыңнан айналдым, Жаңаарқа…»

Арқа жерінде, әсіресе, Жаңаарқа тойының шымылдығы дәл осы әнсіз түрілмейді: «Нұр тұнған өмірі, Құлпырған өңірі, Өзгеден тұратын дара дархан, Атыңнан айналдым, Жаңаарқа…». Бұл – Жаңаарқа жұртшылығының бейресми әнұраны.

Руханият • 16 Сәуір, 2025

Ұлттық прозаның алқалы жиыны

Қазақ қаламгерлерінің басын қосатын «Қарағанды көктемі» фестивалі биыл прозашыларға арналды. Әр өңірдегі жазушылар жүздесіп, прозадағы келелі мәселелерді алғаш рет талқылап тұр екен. Екі күнге созылған республикалық проза фестивалі – Қарағанды қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы филиалы ұйымдастырған айтулы жоба.

Кітапхана • 11 Сәуір, 2025

Тәулік бойы ашық кітапхана

Заңғар жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге Қарағандыға келді. Жазушы Қарағанды зерттеу универ­си­те­тімен үнемі шығармашылық байланыста болған екен. Асылдың сынығы Едігенің елге келген қадамы құт болды. Уни­вер­ситеттің филология факультетінде тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашылды.

Яндекс.Метрика