Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жетісуға былтыр 40 мың экотурист келген
Жетісу облысында экологиялық туризмді дамытуда «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері негізгі бағытқа айналды. Инфрақұрылымның жақсаруы нәтижесінде бұл нысандарға келушілер саны айтарлықтай өскен: 2024 жылы 27 мың турист тіркелсе, өткен жылы көрсеткіш 39,5 мыңға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 29 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында мал шаруашылығы саласы өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саланың жалпы өнім көлемі 3,9%-ға артып, 198,3 млрд теңгеге жеткен. Әсіресе ет өндірісі 4,6%-ға, сүт өндірісі 4,4%-ға ұлғайып, өңірдегі аграрлық сектордың әлеуеті айқын көрінді. Бүгінде облыстағы мал басы 2,3 млн басқа жуықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Қаңтар, 2026
Талдықорғанда Дәнеш Рақышевтың 100 жылдығына арналған дәстүрлі ән кеші өтті
Талдықорғанда Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ән саламын» атты дәстүрлі ән кеші ұйымдастырылды. Тағылымды музыкалық кешке Д. Рақышев атындағы облыстық филармониясы ұйытқы болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026
«Туған жерге қызмет – тағдырлы таңдау»
Жетісу – тарихы терең, мәдениеті тамырлы өңір. Осы рухани кеңістіктің тыныс-тіршілігі һәм мәдени сабақтастығы қоғам назарынан тыс қалған емес. Осы орайда Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменовпен әңгімелескен едік.
Мәдениет • 15 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік мерекесіне тарту: Жетісудың мәдениет мекемелері жаңа автокөліктермен толықты
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысында өңірдің мәдениет саласын қолдауға бағытталған маңызды шара өтті. Талдықорған қаласындағы орталық алаңда ұйымдастырылған салтанатты рәсімде жергілікті мәдениет мекемелеріне жаңа автокөліктердің кілттері табысталды. Техниканы облыс әкімінің атынан оның орынбасары Диас Есдәулетов салтанатты түрде табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Желтоқсан, 2025
Талдықорғанда жаңа «Білім-инновация» лицейі ашылады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл білім беру саласын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, 300 оқушыға арналған жаңа «Білім-инновация» лицейінің құрылысы 2026 жылы толық аяқталып, ел игілігіне берілмек, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Желтоқсан, 2025
Талдықорғанда жаңа аудандар салынады
Талдықорған қаласында бір мезетте үш жаңа шағын ауданның құрылысы басталып, Қаратал өзенінің оң жағалауында тұрғын үйлер бой көтермек, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2025
Талдықорған театрына академиялық мәртебе берілді
Жетісу облысының мәдени өмірінде маңызды жаңалық — Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Бұл мәртебе Премьер-Министрдің 2 желтоқсандағы қаулысы негізінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Қараша, 2025
Талдықорғанда тергеу изоляторында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды
Талдықорғандағы ҚАЖК №71 мекемесінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл орталық тергеудегі азаматтарға сапалы медициналық көмекті бір жерде, жедел көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2025
Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорғанда ерекше форматтағы акция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.