
Еңбек • 07 Наурыз, 2024
Жаркенттік қыз-келіншектер кәсіпке ерекше ден қойып келеді. Қазір сол өңірде жүздеген әйел кәсіпкер бар. Көбі аруға тән игілікті істің тұтқасын ұстаған. Мәселен, «Санам» кулинарлық цехының қожайыны Санам Садықова өз ауданын ғана емес, көршілес Ұйғыр ауданының тұрғындарын да тәттімен қамтамасыз етіп келеді.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсету керек екенін міндеттеген. Бұл ретте өңірлерде психоневрологиялық аурумен ауыратындарды бейімдеуге бағытталған орталықтар ашу маңызды. Аталған жайт облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тұрғындармен кездесуінде де жиі көтеріледі. Енді, міне, Жетісу облысында алғаш рет психоневрологиялық аурулармен ауыратындарға қызмет көрсететін күндізгі бөлімше ашылды.
Энергетика • 29 Ақпан, 2024
Жетісуда «жасыл» энергия жанданады
Кейінгі уақытта Жетісуда 40 жоба іске асырылған. Олардың қатарында тоқыма, күн панельдері, құрылыс бұйымдарының өндірісі бар. Одан бөлек қазір өңірде энергия тапшылығын жою мәселісі өзекті болып отыр.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Жетісу өңірінде спорт саласына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Әсіресе шалғай ауылдарды саламатты өмір салтына баулу дәстүрі қолға алынбақ. Осы ретте облыста биыл 11 спорт нысаны бой көтереді. Оған бюджеттен 6 млрд теңге бөлінген. Жақында ғана Алакөл ауданы Достық ауылында 80 орынды жаңа спорт кешені ашылды.
Байқау • 27 Ақпан, 2024
Қақаған аязда қалың мұзды қақ жарып балық аулағанға не жетсін? Оны спорттың бір түріне айналдырсаңыз, тіпті қызық. Мұны алакөлдіктер ертеден ойласа керек. Осы орайда шипалы көлдің үстінде тұңғыш рет мұздағы балық аулау турнирі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 60-қа тарта балықшы бағын сынап, өзара мықтыны анықтады.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
Жетісуда 34 интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді. Залал – 25 млн теңге
Өткен айда облыс аумағында 34 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Алаяқтықтың негізгі түрі «ОЛХ», «Instagram» интернет-сайттарында онлайн-сатып алулар, «банк қызметкерлерінен» қоңыраулар, жеке деректерді иемдену және несие рәсімдеу арқылы болған.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2024
Бұл іске мұрындық болған – Сарқан ауданына қарасты Қарауылтөбе ауылының азаматы. Ол жергілікті халықтың өтініш-тілегін ескере отырып, Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығын іске қосты. 60 млн теңге жеке инвестиция салған кәсіпкер Азамат Доланбаев жетісулық атпал азаматтарға үлгі болды.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2024
Талдықорғанда облыс әкімдігінің бастамасымен қолжетімді үшінші дүкен ашылды. Кең әрі жайлы сауда орнында облыстың тұрақтандыру қорының және «кері схемамен» жұмыс істейтін өндірушілердің тауары 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылады.
Қоғам • 25 Ақпан, 2024
Жақында жетісулық бір топ қаламгердің баспадан жаңа шыққан кітаптары Алматыдағы Ұлттық кітапханаға тарту етілді. «Жетісу: кітап керуені» жобасы аясында ұйымдасқан кешке біз де куә болдық.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Үшемдерді дүниеге әкелген Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны көпбалалы ана атанды. Бұл – Жетісу облысы құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Жас отбасы көптен күткен балаларына «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы қол жеткізген. Жаңа жылдан кейін дүние есігін ашқан періштелер шала туғандықтан дәрігерлер жайдарман жаңалықты көпшіліктен жасырған. Қазір сәбилердің жағдайы жақсы.