
Инвестиция • 28 Наурыз, 2024
Жетісуға инвестиция тарту қадамы
Америкалықтар Жетісудың білім саласына грант бөлуге ниетті. Сонымен қатар кәсіпке әуес қыз-келіншектерге жәрдемдесуге ынта білдіріп отыр. Ал облыс басшылығы қатты қалдықты өңдеуге инвестиция құйса, жер бөліп беруге жағдай жасайтынын жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовпен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм бастаған делегация кездесуінде осындай мәселелер көтерілді.
Шаруашылық • 28 Наурыз, 2024
Жетісу облысында дақылдардың егіс алқабы ұлғайтылады
Жетісу облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 7 мың гектарға артып, 524,8 мың гектарға жетеді. Бұл ретте дақылдарды әртараптандыру аясында қант қызылшасының, майлы дақылдар мен мал азығының егіс көлемі жалпы 18,1 мың гектарға ұлғайтылмақ, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда «басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек» деген еді. Осы бір оймақтай ойдың астарында халықтың мыңжылдық тарихы мен дәстүрі жатқандай. Мұны ертеден түсінген облыстық «Jetisy» газетінің ұжымы көктем келе қазақы киім киіп, баба тәлімін дәріптеп жүр.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2024
Мерекені әрлеген көгілдір отын
Жетісулықтар көктемнің шуағын сезіне бастады. Мерейлі мереке қарсаңында үйлеріне көптен күткен көгілдір отын келді. Әуелі Ескелді ауданындағы 5 елді мекен қуанышқа кенелсе, артынан Үштөбе қаласының тұрғындарының мерейі тасыды. Жыл соңына дейін облыста тағы да бірнеше ауыл осындай игілікке қол жеткізеді.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2024
Жетісуда су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді. Себебі күні кеше ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі салдарынан 12 су басу фактісі тіркелді. Қазір су басу қаупі бар 31 елді мекенде арнайы шаралар жүргізіліп жатыр. Былтырғы жағдай қайталанбас үшін барлық техника түрі жұмылдырылған.
Тәрбие • 22 Наурыз, 2024
Тігіншілік деген де – өнер, бұл да қазақ әйелінің қоңыр тіршілігінің бір қабаты. Біз білетін жетісулық қыз-келіншектердің бір аңсары – осы сала. Бүгінде тігіншілікті кәсіп еткен оннан аса ару бар. Тіпті одан бөлек өңірімізде үлкен тігін цехтерін ел біледі. Біздің әңгімеміз Ұлболған Ахметқалиқызы туралы болғалы тұр. Тігінші әжемізден тәлім алған сұлулардың қатары көп, өзі де бір мектеп болып отыр.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2024
Жетісуға АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм келді. Ол Көксу ауданына қарасты Жарлыөзек ауылдық округіндегі Мұқаншы ауылына барып, Наурыз мерекесіне қатысты. Елді мекендегі «Ochaq» тұрақты даму орталығының жай-күйімен танысып, жұмыс бағытына үңілді.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2024
Қызғалдақтың отаны – Голландия емес, Қазақстан. Көктем келе көңіл өсіретін жұпарлы гүлдің туған жері асқақ Алатаудың баурайы екені ғылыми дәлелденген. Мұны бізге сарқандық бағбан Бауыржан Бөлегенов айтып берді. Ол зайыбымен бірлесіп, 30 мыңға жуық голландиялық қызғалдақты баптап өсірген.
Денсаулық • 10 Наурыз, 2024
Жетісулық дәрігерлер инсульт алған 76 жастағы науқасқа бірегей операция жасап, ажалдан арашалап қалды. Ми тамырының қысылуымен ауруханаға түскен қарияға дер кезінде көмек көрсеткен ақжелеңділер жаңа медициналық әдісті пайдаланған. Қазір науқастың жағдайы қалыпты.
Қоғам • 08 Наурыз, 2024
Бұл мереке – мейірім мерекесі, әйел қауымына деген құрметтің еселенер шағы. Қараңызшы, Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округіне қарасты Көкжиде аулының қазыналы қарт әжесі Шәпен Қыдырбекова 101-көктемін қарсы алды. Қаумалаған ұрпақтарының ортасында ғұмыр кешіп отырған әжей – бүгінде ең бақытты жанның бірі.