
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Жетісуда егіс алқабын әртараптандыру жүйесі қолға алына бастады. Мәселен, биыл дәнді дақылдар 10,5 мың га-ға, картоп 880 га-ға қысқарып, басқа өнімдерге басымдық берілмек. Оның үстіне қант қызылшасын 500 мың тоннаға жеткізуге бел байлап отыр. Күзге дейін жүзге жуық жаңа техника келеді. Жалпы алғанда, аграрлы өңір маусымға сақадай сай. Мұны шаруалардың басын қосқан «Алқап күнінде» аңғардық.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Жетісу автожолдарының жалпы ұзындығы 3 988 шақырымды құраса, оның 2 732,1 шақырымы облыстық маңызы бар автожол санатында. Былтыр бұл салаға 9,2 млрд теңге қаражат бөлініп, игерілген еді. Нәтижесінде, облыстық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 93 пайызға жетті. Биыл аталған салаға 20 млрд теңге қаражат бөлінген. Демек аймақтағы жол сапасы жақсара түседі деген сөз.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2024
Биыл жетісулықтар қарғын судың азабын тартпағанымен, алдағы қыс-көктемнің қылығын болжау мүмкін емес. Сондықтан сала мамандары алдын алу шараларын ертерек бастағанды жөн көріп отыр. Мәселен, 2030 жылға дейін Жетісуда 7 суқоймасы, 1 бөгет салу жоспарланған. Соның бірі – Алакөл ауданына қарасты Ырғайты ауылдық округіндегі Жаманты өзенінен суқоймасын салу қарастырылып отыр.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2024
Талдықорған әуе базасына Кеңес одағының екі мәрте батыры, ұшқыш Сергей Луганскийдің есімі берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңызды деген еді. Осы мақсатта Жетісу жерінде келелі жиын өтіп, ел азаматтары батыр рухына тағзым етті.
Қоғам • 05 Мамыр, 2024
Бәріңізге түсінікті болу үшін...
«Бәріңізге түсінікті болу үшін ары қарай баяндаманы орыс тілінде жалғастырайын». Бұл қазақ тілінде акцентпен сөйлейтін шенеуніктердің ана тілінде іле-шала амандасу рәсімінен кейін айтатын аргументі. Әлеуметтік зерттеуге сүйенсек, мемлекеттік құжаттардың 70 пайызы өзге тілде жазылады. Ал Қазақстанда қазақтардың саны 72 пайызға жетті. Бұл парадоксқа не себеп екенін анықтап көрейікші...
Өндіріс • 04 Мамыр, 2024
Аграрлы өңір ауыл шаруашылығы саласындағы өнімдерді көбейтуге бел байлап отыр. Осы бағытта сүт өнімдеріне сұраныс артып келеді. Оған дәлел – Талдықорғандағы «JLC Сүт» зауыты. Кәсіпорын бүгінде 80 тонна сүт өңдеп, 60-қа тарта өнім шығарады.
Шаруашылық • 03 Мамыр, 2024
Жетісулық шаруарлардың былтыр мол өнім алғаны белгілі. Биыл да сол үдеден шығуға бел байлап, егіс көлемін екі есеге ұлғайтып отыр. Мәселен, осы жылы Алакөл ауданында 85 130 гектар жер игеріледі. Бұл бұрынғы межеден әлдеқайда көп. Әсіресе қант қызылшасын егумен айналысатын шаруашылықтар өнімділігі жоғары тұқымға сұранысты молынан бергені байқалады.
Руханият • 25 Сәуір, 2024
Қай елдің идеологиясы жоғары сол елден қорқу қажет. Себебі оны жау ала алмайды. Қоғамды сауатсыздықтан арашалап алуға талпынған сол заманның үгіт-насихат құралдары әлі де санамызда жаңғырып тұр. Қазір еркінбіз деп кеуде кергенімізбен, сол кезеңдегідей кітаптың қадіріне бойлай алмай отырмыз.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2024
Қазір жетісулықтар қала маңын қоқыстан тазартып жатыр. Осы ретте Талдықорғандағы Қызыл тас – Тасбақа тас жерінде «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық ЭКО фестивалі өтті.
Денсаулық • 23 Сәуір, 2024
Жатыр мойны обырына қарсы вакцина
Жетісулық дәрігерлер өңірде жатыр мойны обырымен ауыратын қыз-келіншектердің көбейгенін алға тартып отыр. Оған папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырмаудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы – вакциналау. Сондықтан ақ желеңділер қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе салмақ.