
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Апта соңында жетісулықтар тырма мен күрегін көтеріп, сенбілікке шығады. Бұл игілікті іске облыс әкімі, қала мен аудан басшылары да атсалысып жатыр. «Таза Қазақстан», «Таза қала Талдықорған» экологиялық акциясы аясында тұрғындар ыждағаттылықпен тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Күшіміз – бірлікте! Жетісудың жәрдемі
Батыстағы ағайынның жағдайына алаңдаған Жетісу жұрты ай басынан бері гуманитарлық көмек жинауды бастаған еді. Аз уақыт ішінде жиналған көмек күні кеше жіберілді.
Шаруашылық • 11 Сәуір, 2024
Жетісуда егіс алқабы 524,8 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ. Әсіресе қант қызылшасы, майлы дақылдар мен мал азығының егіс көлемі 18,1 мың гектарға артады. Соның ішінде тәтті түбір 11 мың гектарға егіліп, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Былтыр шаруалар әр гектардан орта есеппен 420 центнерден өнім жинаған еді. Биыл да осы көрсеткіштен кем түспейміз деп отыр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
«Huawei» компаниясы салаланып келеді
Әлемге әйгілі «Huawei» компаниясы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орталығын ашты. Бұл жетісулық жастардың білімін шыңдап, телекоммуникация саласындағы жаңа ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Жетісуда жыл сайын жүздеген отбасы қоныстойын тойлап, қуанышқа кенеледі. Былтыр дәл осы уақытта талдықорғандық тұрғындар баспаналы болған еді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тапты. Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарына пәтер кілті табысталды.
Кәсіпкер • 09 Сәуір, 2024
Жетісулық зергер Әсем Ақынова он жылдан бері алтын мен күмістен сырға, жүзік, алқа-білезік жасауды кәсіп етіп келеді. Мемлекеттен алған қаржылай гранты шағын кәсіпкерге үлкен көмек болыпты.
Әдебиет • 08 Сәуір, 2024
Сіз толық талантыңызбен қанша тырыссаңыз да жас толқын жағаға шығарып тастауы мүмкін. Сондықтан үнемі үдеріс үстінде жүрген абзал. Орыс эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева халықаралық байқаудың бірінде оңбай ұтылады. Десе де үкілеп қосқан жұлдызы он жетінші орыннан көрінгенімен, жерлестері жағасынан алмайды. Қайта «жасы келді, жасыды, жастарға орын бергені жөн» деп пәтуа шығарады. Мұны түйсінген әнші бұдан соң додаға аяқ баспайды.
Құтқарушы • 02 Сәуір, 2024
Жетісулық құтқарушылардың жәрдемі
Жетісулық төтенше жағдай департаменті күштері мен құралдары Абай облысындағы су тасқынына қарсы күресу үшін көмекке кетті. Бүгінде 23 құтқарушы, 6 бірлік техника, 4 жүзу құралы мен 8 мотопомпа жұмылдырылған. Олар көрші өңірде топан су кезінде жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр.
Таным • 31 Наурыз, 2024
Біз не айтамыз, біз не істейміз?
Адам барлық уақытта өлімнен де күшті құдіретті іздеді. Әрине, ол әуелі Құдайды тапты. Бұл сенім оған дүниәуи күйбең тірліктен арылуға мүмкіндік берді. Бірақ пенде баласы сонда да ізденуден, ойлаудан жалықпады. Ақыры, ажалды ғана емес, жүректегі қорқынышты жеңді. Ол – кешірім еді, адам кешіруді үйренген сәттен бастап тағдырдың соққысына, озбырлық пен әділетсіздікке үстемдік етті.
Дәстүр • 29 Наурыз, 2024
Бұл көктем бұрынғы көктемнен өзгеше өрбіді. Бұған дәлел – Талдықорғанда тұңғыш рет бір сәтте 50 сәбидің тұсауы кесіліп, рекорд орнатылды.