
Ауыл • 23 Қаңтар, 2024
Қазір қалаға ғана емес, ауылға да барып қалаған спорт түрімен айналысуыңызға болады. Демек, алдағы уақытта чемпиондар алыстағы елді мекендерден шығып жатса, таңғалмаңыз. Таза ауада тынысы ашылып, денсаулығы жақсарған талай азаматты көріп те жүрміз. Осы мақсатта Жетісу өңірінде игілікті істер көбейіп келеді. Әсіресе ауылдың ақжолтай азаматтары жаңадан спорт кешенін ашып, жастардың жігерін шыңдап жатыр.
Дәстүр • 22 Қаңтар, 2024
Текелі тауларының баурайында «Ұлы дала дүбірі: саятшылар сайысы» ұлттық ойыны өтті. V дүниежүзілік көшпелілер додасы аясында қолға алған мәдени іс-шара рухымызды асқақтатты. Саятшылықты серік еткен серілер дала төсін дүбірге бөлеп, құс ұшырып, тазы жүгіртті.
Тұлға • 22 Қаңтар, 2024
Қастеев тойына дайындық қалай жүріп жатыр?
Биыл қазақ бейнелеу өнерінің бозжусан бейнесіне айналған Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойы. Оған «Егеменнің» бетінде кеңінен тоқталғанбыз. Дегенмен халық санасында «ел-жұрты не істеп жатыр екен?» деген заңды сауал туады. Жақында қабырғалы қаламгер Бексұлтан Нұржекеұлы Жетісу облысы әкімінен суретшіге Жаркентте үлкен көше беруін сұрады. Одан бөлек, жерлестері музейіне де көңіл бөлінсе деген тілегін жолдауда.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2024
Жас ғалымдар аграрлы өңірдің әлеуетін көтермек
Жетісу – аграрлы өңір болғандықтан ғылымға бет бұрған жас ғалымдар ауылшаруашылығына қажетті өнімдерді зерттеп жатыр. Бұл игі іспен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жанынан құрылған биотехнология және экологиялық ғылыми-зерттеу институты айналысып отыр. Орталық дәнді дақылдардың жаңа түрін ойлап тауып, экологиялық таза сүт өнімдерін әзірлемек. Біз осы орайда оқу орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайттық.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Талдықорғанда шоудауннан жарыс өтті
Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде шоудауннан жарыс өтті. Іс-шараның бастамашылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен IT-services & Education қоғамдық жастар бірлестігі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында мүгедектігі бар азаматтарға инклюзивті орта құру жұмысы сәтті іске асып жатыр. Өңірде ерекше жандарға стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсететін 13 орталық бар. Соның бірі – «Қамқор». Онда мүмкіндігі шектеулі адамдардың арманына қанат бітірер бастамалар қолға алынып жатқаны қуантады.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
Қала маңындағы ауылдардың қуанышы
Талдықорған қаласына іргелес орналасқан саяжайлар мен елді мекендерге көңіл бөліне бастады. Өздерін «қалалықпыз» деп санайтын тұрғындар енді бұл сөзді мақтанышпен айтса болғандай. Мәселен, Ынтымақ ауылына газ келсе, Балықты саяжайының тұрғындары үшін жаңа көпір қолданысқа берілді. Бұл – қаладағы мектебіне асыққан балаларға үлкен көмек.
Өнер • 17 Қаңтар, 2024
Халық әні ешқашан ескірмейді, қайта заман жаңарған сайын алтындай құны арта бермек. Сағынсаңыз, Жетісуға келіңіз! Жүректі елжіретер, жан толқытар әуендер қарсы алады. Оған дәлел – Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның «Әнмен атқан таңдар-ай» атты концерті. Бұл кеш дәстүрлі әндердің тамырына қан жүгіртіп, қарашаның қиялына қанат бітірді.
Экономика • 17 Қаңтар, 2024
Жаркент туралы әңгіме қозғасақ, алдымен ауызға «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы», «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және «Нұр жолы» өткізу бекетінің қызметі түседі. Бүгінде өңірдің экономикалық локомотивіне айналған ауданның өндіріс саласындағы ілкімді бастамалары көңіл сүйіндіреді. Дегенмен кемшіліктер де аз емес. Соған орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев бірқатар шаруашылықты аралап, кәсіпорындардың әлеуетін арттыруды тапсырды.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
Қоғам екіге бөлінгенімен, Құдай алдында бәріміз бірдейміз. Сондықтан жаратылысы бөлек жандарға жанашар болған абзал. Осы бағытта облыстық С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жетісудағы «Қазақ зағиптар қоғамында» 544 адам тіркелсе, соның 373-і – кітапхана оқырманы. Осыған орай кітапханашылар «Жанарым жүрегімде» жобасын қолға алған.