Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1139 материал табылды

Сайлау • 14 Қаңтар, 2023

Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті

Онда өңірден 2 адам кандидат ретінде тіркелген. Олар Сенат депутаты Амангелді Толамисов пен Жетісу облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Көгілдір отынға тегін қосылды

Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентіне табиғи газ жетіп, алғашқы отбасы көгілдір отынға қосылды. 14 баласы бар Сәдуақасовтардың үйіне газ қосу салтанатына аудан әкімі Қанат Есболатов, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл, «ҚазТрансГаз» компаниясының өкілдері мен журналистер қауымы барды.  

Оқиға • 12 Қаңтар, 2023

Жылыту қазандығы жарылды

Жетісуда да қыс қиқарлығын көрсете бастады. Облыс орталығы Талдықорғандағы №17 жылыту қазандығында жарылыс болды. Соның салдарынан мекеме ғимараты мен пеші бүлінді. Ең бастысы, тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Руханият • 12 Қаңтар, 2023

Оқуға құштар отыз баланы газетке жаздырды

«Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық байқауының жеңімпазы Андас әулеті облыстағы білімге құштар, ұлттық құндылыққа жаны жақын 30 оқушыны республикалық «Egemen Qazaqstan» және облыстық «Jetisy» газеттеріне жаздырып, демеушілік танытты. Бұл бастамаға облыстық білім басқармасы мен «Казпошта»АҚ Алматы облыстық филиалы да атсалысты. Осыған орай Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде тағылымды шара өтті.

Қоғам • 12 Қаңтар, 2023

Елдің зары – еңбек дауы

Іргесі енді қаланған Жетісу облысында еңбек дауы ел ішінде келіспеушіліктің бір түйткілі болып отыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік инвесторлар мен жергілікті халық арасында туындаған келеңсіздіктер көбіне жерлестеріміздің жайын күйттегенімен, еңбек қатынасына едәуір сенімсіздік ұялатты. Оған дәлел Алматы – Өскемен – Қалбатау бағытындағы автобанды салу кезіндегі жағдай, Кербұлақ ауданындағы «Alacem» ЖШС-ның цемент зауытындағы дау-шарғылар. Одан бөлек қаншама мәселе етектен тартуда.

Қоғам • 09 Қаңтар, 2023

Қуанса, бала қуансын

Былтыр еліміз балдырғандарға барынша жағдай жасады. Соған бір дәлел – ауыл-аймақтардағы балабақша санының артуы. Жақында Жетісуда екі бірдей нысан ел игілігіне берілді. Бірі – ел көптен күткен балабақша болса, екіншісі – заманға сай жабдықталған оқу орталығы.

Руханият • 09 Қаңтар, 2023

«Мамания» мектебі

Тарих қалай тіл қатса, біз де солай сөйлейміз. Қайран, Мамания мектебі! Қазақ баласына алғаш әліппе үйреткен әулие шаңырақ. Алаштың алыптарына ақуыз білім беріп, ақтолқын жылдардың азабын көтерген топырақтың бүгінде шаңы шығып жатыр. Қасиетіне қазақ бойлай алмады, әй бойлай да алмас... Тек есті естелік қана Маман байдың мәртебесін менмұндалайды. Сондай бір өнегелі деректер «Ақсудың Алтынсарині» атанған Бұғытай Айсеркеновтің күнделігінде қатталған екен. Ендігі сөз сол жайында.

Медицина • 09 Қаңтар, 2023

Электромагниттік сәуленің зияны

Балаларды электрома­гниттік өрістердің зиян­­ды әсерінен қор­ғау – әркімнің мін­деті. Әсіресе, мектеп қабырғасындағы оқу­шы­ларды әртүрлі жа­рық­тан сақтау қа­жет. Неге десеңіз, қалып­тасып келе жат­қан тұлғаға электро­магниттік сәулелер кері әсер етуі мүмкін. Мәселен, Жетісуда 34 білім беру нысанында электромагниттік өріс көрсеткіштерінің артуы анықталған. Бұл көрсеткіш – білім ордаларына үлкен сын.

Экономика • 09 Қаңтар, 2023

Өзара ынтымақтастық – экономика алғышарты

ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялық республикасының арнайы делегациясы Жетісу облысымен әріптестік меморандумға қол қойды. Құрметті қонақтарға арналған дөңгелек үстел отырысын жүргізген облыс әкімі Бейбіт Исабаев екі елдің арасын біріктірген экономикалық, мәдени, рухани байланыстарды таныстырып, Жетісу жерінің жетістігін алға тартты.

Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023

Жаркенттегі жаңа нысандар

Панфилов ауданында 3 жаңа нысан пайдалануға берілді. Атап айтсақ, 110 орынды модульді мектеп, 284 орынды балабақша, 50 адамға арналған спортзал елге есігін ашты. Жаңа нысандардың іске қосылуы нәтижесінде 75 жаңа жұмыс орны ашылды.