
Аймақтар • 24 Қараша, 2022
Жетісуда «Hubei Kelison» индустриалды паркі құрылысының жобасы тоқтап тұр. 2020 жылы басталған «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» деп аталатын өндірістер мен логистикалық қызметті ұйымдастыру жоспарының әзірге 10 пайызы ғана орындалған.
Қоғам • 22 Қараша, 2022
Көгілдір отынды үйге қосудың қиындығы
Жетісулықтар «әне келеді, міне келеді» деп көгілдір отынды құтты қонақтай күтіп жүр. Мердігер компаниялар құбыр тартуды межелі күнге дейін бітіргенімен, атқарылған істен шикіліктер шыға береді. Мәселен, Талдықорған қалалық газ желілерінің 80 пайызы тексеріліп, газ кемуіне қатысты 19 факті анықталды. Ал газды тұрғындар үйге тартайын десе құны қымбат. Халық жергілікті әкімдікке наразы.
Қоғам • 21 Қараша, 2022
Бие сүтінің мың да бір ауруға ем екеніне ешкім күмән келтірмес. Қазақтың «ағы бардың бағы бар» деп бекерден бекер тәпсірлемесі тағы аян. Сүттен айран, қатық, құрт әзірлеген аналарымыздың жылы-жұмсақ дәмі қашанда тәбетті ашады. Ал енді «саумалдан сабын дайындады» дегенді бұрын-сонды естіп пе едіңіз? Естімесеңіз, Қапалға келіңіз.
Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Жетісу облысында жас жұбайлар сайлау учаскесіне барды
Некелері қиыла салып, сайлау учаскесіне дауыс беруге келген жас жұбайлар елді таңғалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Жетісу облысы Жаркент қаласында алғашқылардың бірі болып, қала тұрғыны, 100 жастағы қария Зейнелхан Оспанова дауыс берді. 12 құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері саналы ғұмырында барлық саяси науқанға белсенді қатысқанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Жетісу облысындағы Үштөбе қаласында бірқатар сайлау учаскесінде ойын ұйымдастырылып, сайлауға келген сайлаушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлыққа қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2022
Чили компаниясы Жетісуға келеді
Чилилік «ME-Elecmetal» компаниясы тау-кен өндірісі саласында шикізатты Қытайдағы кен орнынан жеткізіп, Жетісу аймағында өңдеу ісімен айналыспақ. Олардың жылына 100-140 мың тонна жоғары сапалы өнім өндіру жоспары бар.
Қоғам • 17 Қараша, 2022
Қазір отбасы құрамында төрт бала болса, ата-анаға қоғам болып көмек қолын созуға тырысамыз. Аталған шаңыраққа әлеуметтік жәрдемнің де ауылы алыс емес. Сол сәтте жеті ұлды жеткізген байырғы ер мінезді шешелеріміз еске түсетіні бар. Білесіз бе, біз сондай бір жанға жолықтық. Ол – 14 баланың анасы Гүлназ Шәкенова. Көпбалалы ана шағын кәсіпті де меңгерген. Бүгінде есік алдына дәмхана ашып, Сарыөзек ауылының сәнін келтіріп отыр.
Медицина • 16 Қараша, 2022
Жетісуда облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендер жетіп артылады. Сол себепті кейбір ауылдар жылжымалы медициналық кешеннің көмегіне зәру. Осы орайда қаладан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында бейінді мамандардан құрылған топ 10 айда 62 066 адамды тексеруден өткізген. Оның ішінде 7 604-і бала екен.
Таным • 16 Қараша, 2022
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Ғали Ормановтың туғанына – 115 жыл. 1939-1945 жылдар аралығында жыр алыбы Жамбылдың әдеби хатшысы болып қызмет атқарған қаламгер аудармашылықпен де айналысқан. «Анна Каренина» романын алғаш қазақша сөйлеткен жазушының еңбегі араға ұзақ жылдар салып қайта басылып шықты.